«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Исламбек Сәлжанов: Бизнес-қоғамдастық әлемнің ең дамыған 30 экономикасына Қазақстанның кіру стратегиясын толықтай қолдайды

2014 жылғы 23 Маусым
- Ақтөбе облысы
9209 просмотров

Ақтөбе облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевапен кездесу барысында осындай мәлімдеме жасады.

Ел Президенті бүгін жұмыс сапарымен Ақтөбеде болып қайтты. Ақтөбе жерінде болу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазхром» ҰАК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауытының бірінші балқыту пешін іске қосты. Жаңа зауыттың республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген ақтөбелік ең ірі инвестициялық жоба болып табылатындығы белгілі. Жоба құны 843 миллион долларды құрады, зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 440 мың тонна феррохромды құрайды.

«Достық» спорттың судағы түрлерінің орталығы мен «Дәру» Клиникасы» медициналық оңалту орталығында болып қайтып, Мемлекет Басшысы «Ақтөбемұнайгаз» СНПС» АҚ бизнес-орталығына жол тартты. Онда Елбасыға on-line тәртібінде Жаңажол кен орнынан үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының 2 кезегі құрылыс жұмыстарының аяқталуы туралы баяндалды.

Жұртшылықпен және іскерлік шеңбер өкілдерімен кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы облыс басшылығына шағын және орта бизнесті дамытуға барынша көп назар аударуды тапсырды.

Ақтөбелік бизнес-қоғамдастықтың атынан Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов Ұлт Көшбасшысына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құруда көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

«Ендігі жерде бизнесте қолдау, қорғау алатын және өз проблемасын ашық айтатын, қандай да бір құрылымдар жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізетін орган бар», - деп баса айтты Исламбек Төлеубайұлы және Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің құрылғаннан бергі уақыт бойында өз қызметінің қисындылығын дәлелдеп бергенін атап кетті. Атап айтқанда, ондаған өзекті мәселе анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды, мемлекеттік қолдау шаралары және рұқсат құжатнамаларын ресімдеу бойынша жүздеген консультациялар беріліп, көптеген жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыруда шынайы қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, ӨКП Ақтөбе облысының әкімдігімен тығыз әріптестікте жұмыс жасайтындығы аталып өтті. Палата қызметі басым бағыттарының бірі ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

«Ауылда кәсіпкерлік қызметті танымалдандыру кәсіпкерлік белсенділікті жаңа, сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осыған орай Қазақстанда алғаш рет Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігі мен «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен «Ақтөбе Стартап» бизнес-жобалар конкурсы өткізілетін болады», - деп жалғастырды Исламбек Сәлжанов.

Кәсіпкерліктің бұдан арғы тиімді дамуына жақында ғана ашылған коворкинг орталығы бар «Кәсіпкерлікті дамыту орталығы» көмектесетін болады. Мұнда әрбір әрекеттегі немесе ісін бастаушы кәсіпкер кешенді қолдау ала алады, атап айтқанда, бизнес-жоспар құру, бизнесті ашу-жабу, бухгалтерия жүргізу, келісіу, рұқсат құжатнамасын ресімдеу, жобаларды сүйемелдеу және т.б. бойынша консультациялар.

«Біз, облыс бизнесмендері, кәсіпкерлер үшін жағдайды жақсарту жайлы Сіздің қамқорлығыңызды үнемі сезіп отырамыз. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері «Қазақстан – 2050» Стратегиясынан да, Қазақстан халқына «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Жолдауыңыздан да өз орнын тапты. Ұлттық кәсіпкерлік мәселелерін шешудегі кезекті қадам Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы Жарлығыңыз және сонымен қатар Сіз жариялаған шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий болды. Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы әлемнің ең дамыған 30 экономикасына Қазақстанның кіру Стратегиясын толығымен қолдайды және өз тарапынан экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім мен қызметті жасайтын болады. Бүгінде ол үшін біздің елімізде барлық мүмкіндіктер бар», - деп қорытты Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер