«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпорындардың 28 қызметкері ҰКП және Халықаралық бағдарламалар орталығының жәрдемімен шетелде машықтандырудан өтпекші

2014 жылғы 24 Маусым
4188 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Халықаралық бағдарламалар орталығы инженерлерді, технологтарды және құрылысшыларды АҚШ-қа, Германияға, Швецияға және Ұлыбританияға жолдауда. 28 адамнан тұратын бірінші топ шетелде машықтандырудан өтуге дайын. Тағы да 60-тан астам үміткер бойынша шешім тамызда қабылданатын болады.

Обладателями стипендии стали сотрудники акционерных обществ "Кентау трансформатор зауыты", "Кегок", "Алматы электр станциялары", "Локомотив", "Қазақстан" РТРК Акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ "Қазармапром", "Алматы электр-механикалық зауыт", "Family Village NS" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені КЕАҚ "  қызметкерлері стипендия иегерлері атанды.

Кәсіпорын мамандары АҚШ, Германия, Швеция және Ұлыбританияға машықтандырудан өтуге сапар шекпекші.

Үш адам атақты Нью-Йорк Кино Академиясында кино-теле өнерінен тәжірибе үйреніп, біліктілік деңгейін көтермекші, бес стипендиат Германияда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін көтеру» бағдарламасы бойынша машықтандырудан өтетін болады. 12 иегер Германияда машина жасау саласында машықтандырудан өтеді. 6 құрылысшы Швециядағы кәсіпорындарда машықтандырудан өтетін болады. Бір стипендиат Ұлыбританияда тасымалдаулар, қозғалыстар және көлікті пайдалануды ұйымдастыру саласында машықтанады. Тағы да біреуі ұшу және ғарыш аппараттарын жобалау теориялары саласында машықтан өтеді.

Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Халықаралық бағдарламалар орталығы бастамалаған бағдарлама бойынша жұмыс жалғасып жатқанына еске сала кетейік. Бұл бағдарлама инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша отандық кәсіпорындар жұмысшыларының шетелде машықтанудан өтуіне мүмкіндік береді.

Отандық кәсіпорындарды осы бағдарламаға қатысу үшін кандидатураларды жолдауға шақырамыз. Құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Барлық мәселелер бойынша мына телефонға хабарласыңыздар +7-(7172)-919-343, +7-701-5688177, e-mail: n.yelamanov@palata.kz, байланыстағы тұлға – Нұрсұлтан Еламанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер