«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП Бас прокуратурамен болған бүгінгі бейнеконференцияның мақсаты жөнге салынып қойған жұмыс жүйесіне қосымша серпін беру деп біледі

2014 жылғы 24 Маусым
3797 просмотров

Бұл туралы 2014 жылғы 24 маусымда Астанада өткен ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ҰКП бейнеконференциясында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша 3 бейнеконференция бүгін Астанада, ҚР Бас прокуратурасының ғимаратында Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың және ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өтті.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, бүгінгі күнде ҚР ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша ықпалды аспап болып табылады. «Өңірлік палаталарға кәсіпкерлерден 1300 өтініш келіп түсті, олар бойынша жұмыс жасалуда. Мәселелер әртүрлі және жер қатынастары, салық және кедендік әкімдік ету, монополияға қарсы заңнаманы қолдануға қатысты болып келеді. Жалпы біз ҰКП ретінде осы өтініштердің барлығын қарастырамыз, және де, әрине, заңды сақтайтын, өз әрекетін заңнамаға сәйкес жүргізетін, адал кәсіпкерлердің мүддесін ұсынамыз және қорғаймыз», - деді ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Сондай-ақ Тимур Құлыбаев ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ҰКП арасында жұмыс жолға қойылғанын, аумақтық органдар арасында өзара қарым-қатынастың жөнге салынғанын атап өтті. Әсіресе прокуратура мен Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасындағы жұмыс ерекше жағымды әсерде аталды. Шығыстағы кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерінің көпшілігін дәл осындай ынтымақтастықтың арқасында шешу іске асып отыр. Алайда, оның айтуынша, кейбір облыстарда прокуратуралар кәсіпкерлердің өтініштеріне жауап қатуға асықпайды, дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген мәселелерді өңірлік палаталармен өзара әрекеттесу жағдайында шешуге қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар, Төралқа Төрағасы мемлекет Басшысының бизнеске салған назарын екі жақты қозғалысы ба көшеге теңестірді, және де ол кәсіпкерлерге белгілі бір міндеттемелерді жүктейтінін баса айтты. ҚР ҰКП тек заңды сақтаушы және адал ниетті кәсіпкерлерді құқықтық қорғауды жүзеге асырады: «Қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге негізделген кәсіпкерлік мәдениетіне дағдыландыру өте маңызды. Кәсіпкерлердің өз қызметін құқықтық алаңда құрғаны дұрыс, заңды сақтап, тұтынушыларды сыйлау керек».

Өңірлермен бейнеконференция форматындағы жиналыс өткізу – бұл 2013 жылғы 23 желтоқсандағы Ынтымақтастық туралы меморандуммен көзделген ҚР Бас прокуратурасы және ҚР ҰКП өзара әрекеттестігі формаларының бірі. Бейнеконференция барысында Меморандумды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды, сондай-ақ бірлескен әрекеттің басым бағыттары белгіленді.

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев атап өткендей, мораторийдің қазақстандық бизнеске ықпалы зор және оны дұрыс бағалау үшін мораторийдің әсер етуінің объективті индикаторларын енгізу де маңызды.

Бейнеконференцияға қатысушылар бұл іс-шараның ҚР ҰКП мен прокуратура органдарының кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелеріндегі бұдан да тығыз ынтымақтастығына серпін береді деген үмітте.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер