«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен компанияға салынған салық сомасы 634 миллион теңгеге азайтылды

2014 жылғы 26 Маусым
4067 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Межрегионэнерготранзит» ЖШС-нан алғыс хат келіп жетті. Онда компания директоры ҰКП-ға, сондай-ақ басқарма төрағасының орынбасары Р.С.Ошақбаевқа және Экономикалық интеграция департаментінің қызметкерлері Д.Д.Досқожаев пен Б.А.Ұмытбаевқа Қостанай қаласы салық басқармасының тексеріс нәтижелері туралы хабарламасына шағым даярлауда көрсеткен заңгерлік және салықтық сүйемелдеулері үшін алғысын білдірген.

«Межрегионэнерготранзит» ЖШС-да жүргізілген тексеріс нәтижесінде салық басқармасы компанияға жалпы сомасы 659 168 317 теңге салық пен өсімпұл есептеп салған. Алайда, ортақ күш салу мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері тарапынан белсенді жәрдемдесу нәтижесінде, Қостанай облысы бойынша салық департаменті есептелген соманы 634 408 477 теңгеге азайтты, салық пен өсімпұлдың қалған сомасы 24 408 477 теңгені құрады.

Қазіргі уақытта «Межрегионэнерготранзит» ЖШС қалған соманы жою туралы Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ҰКП мамандарының қолдауымен талап ету арызын берді.

Хатта көрсетілгендей, бұл әрекет Ұлттық кәсіпкелер палатасы кәсіпкерлерінің кәсіпқойлығы, жоғары біліктілігі мен білімінің арқасында ғана жүзеге асты. Қазақстан Республикасындағы азаматтық, салық және басқа да заңнама түрлері саласында жөн таба білу қабілеті ерекше роль ойнады.

«Межрегионэнерготранзит» ЖШС директоры Н. Тиесов компания мүддесін табыспен және объективті түрде қорғап шығу Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан әрекет ету мен қолдау көрсетудің арқасында ғана жүзеге асты деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер