«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірінші Съез Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдағы жылдардағы даму бағытын анықтап берді

2014 жылғы 25 Маусым
4125 просмотров

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І Съезі өтті. Форум жұмысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты.

Съезге шамамен 300-ге жуық делегаттар мен қонақтар жиналды. Олардың арасында өңірлік кеңестер мен кәсіпкерлер палаталарының, салалық бизнес-қоғамдастықтардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды.

Съез қатысушыларының алдында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Елбасының қолдауымен құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасына отандық бизнесті қолдау және дамыту бойынша салмақты міндеттер артылғанын баса айтты. Сонымен қатар, Үкімет басшысының берген бағасы бойынша, Палата өз жұмысында кәсіби, жауапты ұстанымын көрсете алды және Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының сенімді тірегіне айналды.

Ұлттық палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өз сөзінде Ұлттық палатаның отандық бизнес пен еліміздің дамуы мүддесінде Үкіметпен сындарлы сұхбат құруға қабілетті, құзіретті серіктес ретінде танылғанын атап өтті.

«Біз жұмысқа белсене араласып кеттік, және де осы уақыт ішінде бизнестің мүддесін үкіметпен республикалық деңгейде ұсыну бойынша жүйе тұрғызылды. ҚР Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылды, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны ҚР Премьер-министрі басқарады. Біз сонымен бірге салалық министрліктер жанынан жұмыс топтарын құрдық. Кәсіпкерлер құқықтарын қорғауды ұсыну бойынша табысты жұмыс басталды. Ол үшін Бас прокуратурамен, қаржы полициясымен келісімдерге қол қойылды», - деді Тимур  Құлыбаев.

Жұмыс қорытындылары туралы баяндай келіп, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов құрылған сәттен бастап Палата 10 мыңнан астам өтініштерді, хаттарды қарастырып шыққанын, оның ішінде 1 770-тен астамы нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сараптама өткізуге сұранымнан тұрғанын айтып кетті. Мемлекеттік органдарға ҰКП-дан 1 671 сараптамалық қорытынды жолданған.

Ұлттық палата бизнеске практикалық көмек те көрсетеді – орталық аппаратта да, өңірлерде де Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестер құрылған. Күн сайын консультация сұрап қоңырау шалуға болатын call-center әрекет етеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бері бизнесті қорғау желісі бойынша 2000-нан астам өтініш тіркелген. Кәсіпкерлер мәселелерін шешудің Бірыңғай тізілімі және оларды шешу Карталары  іске қосылған, оған бизнестің 416 жүйелік проблемасы енгізілген.

«Елбасының тапсырмалары бойынша бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларының Жоспары жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін Елбасының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасы әзірленетін болады, - деп қосты Абылай Мырзахметов.

Съез 2017 жылға дейінгі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қалыптасу және даму стратегиясына ұсынылған ұстанымдарды мақұлдады. Палатаның негізгі ұзақ мерзімдік мақсаты болып 2030 жылға қарай экономикадағы ШОБ үлесін кем дегенде 40% деңгейінде өсіруге жәрдемдесу анықталды. 2017 жылға қарай ҚР ҰКП кәсіпкерлік бастаманың өсуін қамтамасыз етуді және отандық экономиканы дамытуға бизнестің күші мен ивестициясын бағыттауды жоспарлап отыр. ҰКП Стратегиясы Палата сайтында орналастырылған.

Съез қорытындылары бойынша Үкімет Басшысы бірқатар министрліктерге ҰКП-мен бірлесіп ауылдық кәсіпкерлер үшін кредиттердің қолжетімділігі мәселелерін шешу бойынша, мемлекеттік органдардың ҰКП-мен өзара әрекеттестігінің үлгілік реттемесін дайындау бойынша, ҰКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтарды салалық зерттеулер жүргізу, стандарттар, реттемелер жасау процесіне тарту мүмкіндігі бойынша ұсыныстар енгізуді және даярлауды тапсырды.

Сондай-ақ Үкімет Басшысы Ұлттық палата ресурстарын өңірлердегі іскерлік ахуалды бағамдау үшін және Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама даярлауға тұрақты негізде тартуды ұсынды.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов салық амнистиясын жүргізу бойынша Үкіметтің бастамасы туралы айтып берді. «Бизнесті 2013 жылғы 1 қаңтардағы күйіне қарай салық органдарында есепте тұрған, бірақ 2014 жылғы 1 қаңтардағы күйіне қарай төленбеген айыппұлдардың өсімпұлынан босату жоспарлануда. Бұл амнистияны жүргізу кәсіпкерлердің босаған қаражатты бизнесін дамытуға және кеңейтуге бағыттауына мүмкіндік береді», - деген түсінік бере кетті ол.

Съездің бірауыздан қабылданған шешімімен Палатаның Төралқа Төрағасы болып Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы болып Абылай Мырзахметов қайта сайланды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер