«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелік жарналарды төлеу – кәсіпкерлердің ортақ бизнес-ахуалды жақсартудағы дербестігі мен мүдделілігін ынталандыру

2014 жылғы 19 Маусым
- Қостанай облысы
10557 просмотров

Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде айтты.

Жарна туралы мәселе өңірлік кәсіпкерлермен келіссөздер барысында қозғалды. Бизнесмендерден түскен ұсыныстардың бірі мүшелік жарналарды бөлу жүйесін қайта қарау және табысқа байланысты саралауды орнатуға қатысты болды.

ҰКП Төралға Басшысы мүшелік жарналар кәсіпкерлердің ортақ бизнес ахуалды жақсартудағы дербестігі мен мүдделілігінің кепілгері болып табылатынына сенімді.

«Егер мемлекет Ұлттық палатаға қаржы бөлетін болса, онда сұраным мен бақылау да мемлекеттен болады. Кәсіпкерлер палатасының құрылуының түпкі мәні де тәуелсіздік пен дербестік болатын. Мәселе кәсіпкерлерді шешім қабылдауға қатыстыру. Егер кәсіпкер 100 млн. мен 2,6 млрд. теңге айналымы кезінде 300 мың теңге көлеміндегі мүшелік жарнаны төлейтін болса, онда Ұлттық палата құқық қорғаушы органдардың сол кәсіпкердің соңына түспеуіне, қаржыландырудың қолжетімді болуына, жалпы өзінің тікелей жұмысымен – бизнес үшін макро ортаны жақсартумен айналысуға міндетті», - деді Тимур Құлыбаев.

Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылуда, алайда жұмыстағы негізгі басымдыққа ие емес. Бүгінде бизнес ахуалды жақсарту, кадрларды даярлау, жаңа жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлердің өздерін тарту маңызды. 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 50 %-н өндіру керек деген Президенттің тапсырмасын іс жүзінде орындау маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер