«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экологиялық құқық қатынастарын реттеу бойынша тұжырымдама жасап шығарды

2014 жылғы 19 Маусым
4702 просмотров

ҚР ҰКП алаңында экологиялық заңнаманы реформалау тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Жұмысты тау-кен және металлургия өнеркәсібінің, энергетика, мұнай және газ комитеттерінің өкілдерінен тұратын салааралық жұмыс тобы министрліктермен, салалық қауымдастықтармен, жер қойнауларын пайдалану саласындағы жетекші кәсіпорындармен, экологиялық ұйымдармен және заңгерлік фирмалармен бірлесіп жүргізуде.

Бұл Тұжырымдама қоғамның, мемлекет және экономиканың мүддесін игеруші экологиялық құқық қатынастарын реттеуге теңдестірілген ұстанымды шамалайды. Ол мынаған негізделеді:

- қазақстандық заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жан-жақты талдауға;

- экологиялық заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар бойынша экологиялық құқық қатынастарына қатысушылардың көптеген ұсыныстарын ескере отырып;

- экология тұрғысынан шетелдік мемлекеттердің ең сәтті тәжірибесіне.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттары:

- табиғатты пайдаланушылар жауапкершілігі жүйесін қайта қарау;

- қоршаған ортаға залалдың орнын толтыру;

- әкімшілік-рұқсат процестерін оңтайландыру;

- қолданылатын құқықтық санаттардың құқықтық мәртебесін ретке келтіру және нақтылау;

- санаттар мен шешімдердің жаңаларын енгізу немесе бұрын қолданылғандарын қалпына келтіру.

Қаражатты мақсатты жұмсайтын Ұлттық экологиялық қор құру, экологиялық омбудсмен фигурасын жүргізу, бірқатар мәселелерді бәсекелік ортаға берумен экологиялық реттеудегі экологиялық аудит ролін күшейту ұсынылады. Тұжырымдамада қазақстандық заңнамадағы жүйелік және жергілікті сипаттағы заңи қателіктер мен кемшіліктерді түзетуге, ел Конституциясына сәйкессіздіктерді жоюға, құқықтық сәйкес салалардан оларға тән емес функцияларын алып тастауға ерекше назар аударылды.

Отандық заңнамаға Тұжырымдаманы енгізу экологиялық жағдайдың айтралықтай жақсаруына, әкімшілік кедергілерді төмендету және экологиялық өндірістерді ынталандыру есебінен қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігінің айтарлықтай көтерілуіне, «жасыл» экономиканың дамуына көмектесетін болады деп шамалануда, сондай-ақ шетелдік капитал үшін елдің инвестициялық тартымдылығын салмақты түрде көтереді.

Тұжырымдаманың негізгі идеясы бүкіл қоғамның мүддесі үшін экологиялық реттеуге ақылға сыятын, әділетті және тиімді сипат беруден, экологиялық заңнаманың жағымды қоршаған ортаны жақсартуға және дамытуға бағыттылығынан тұрады. Жалпы Тұжырымдама ережелерін қабылдау Қазақстанның алдыңғы қатарлы және ең бәсекеге қабілетті елдердің қатарына жылжуына айтарлықтай серпін беруге тиіс.  

Тұжырымдаманы осыдан кейін бірлескен жұмыс тобы аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен талқылау жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер