ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы І Съезіне БАҚ өкілдерін тіркеу
17 маусым мен 24 маусым аралығында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы І Съезінің жұмысын ақпараттандыруға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу жұмысы жүргізілуде.
ҚР ҰКП І Съезі 2014 жылғы 25 маусымда сағат 11:00-де Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 25) өтеді.
БАҚ өкілдері тіркелу үшін pr@palata.kz электрондық поштасына өтінім тапсырулары қажет. Өтінімде міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- БАҚ атауы;
- БАҚ өкілінің аты-жөні, тегі;
- жеке куәлігінің нөмірі;
- фото-, видеокамера маркасы және нөмірі;
- БАҚ және оның өкілінің байланыс нөмірлері.
Бейдждердің берілу тәртібі:
• Тіркеуден өткен БАҚ өкілдерінің бейдждері Тәуелсіздік сарайында тіркеуден өткізу орнында 2014 ж. 25 маусымда сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін беріледі.
• Бейджді алу барысында БАҚ өкілінде өзімен бірге жеке куәлігі немесе қызметтік куәлігі болуы керек.
• Бейджді үшінші тұлғаға тапсыру ҚР ҰКП І Съезінің жұмыс тәртібін бұзу болып табылады, кері жағдайда тіркеуге алынған тұлға тіркеуден шығарылады.
Журналисттерге арнайы ҚР ҰКП І Съезінің материалдары, сондай-ақ баспасөз материалдарының топтамасы USB тасымалдағышта ұсынылады.
Барлық сұрақтар бойынша ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментіне +7 (7172) 91-93-67 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: