«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қылмыстық іс жүргізу кодексін ізгілендіру бойынша жұмысты жалғастыруда

2014 жылғы 16 Маусым
- Ақтөбе облысы
9247 просмотров

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Ақтөбе облысы бизнес қоғамдастығы өкілдерімен жұмыс жиналысында талқыланған тақырыптарының бірі кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау болды.  

«Парижская коммуна XXI» ЖШС Бас директоры Гайк Тертерян ҰКП Төралқасының басшысына қылмыстық іс жүргізу кодексін ізгілендіру бойынша ұсыныспен жүгінді. Оның айтуынша, қаржы полициясы күдіктену бойынша шамадан жиі ұстап, кәсіпкерлерді тергеу изоляторына мән-жайлар анықталғанша қамап қояды.

«Оларды тұтқындау қажет пе? Ол адамдардың абыройы не болады сонда? Кәсіпкерлердің бірі тұтқында отырғанына бір жылдың жүзі болып қалды, айтқандай, жасы да 70-те!», - деп атап кетті Гайк Тертерян.

«Ұсынысыңызды толықтай қолдаймын. Заңнаманы ізгілендіру бойынша жұмыс «Атамекеннен» бастау алған болатын – қазір бостандықтан айыруды ақшалай айыппұлмен ауыстыруға болатын баптар бар, - деді Тимур Құлыбаев. – бұл мәселелерді Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңес отырыстарында қарастыру қажет, республикалық комиссияға шығару керек».

ҰКП Төралқасының басшысы қазіргі уақытта комиссия жұмыс жасап жатқанын, оның мүшелерінің құқық қолдану практикасын, Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі өзгертулерді қадағалап жүргенін қоса айтып кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер