«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның көлікшілері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден Кодексі жобасын талқыға салды

2014 жылғы 13 Маусым
- Астана қаласы
10230 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік палаталармен бірлесіп ЕЭО Кеден Кодексінің бөлімін талқылау бойынша бейнеконференция форматындағы Дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа Кедендік бақылау комитетінің, салалық қауымдастықтар мен көлік компанияларының өкілдері қатысты.

Бұл дөңгелек үстелді өткізуге ҚР Көлік, логистика және байланыс комитетінің Хатшылығы Кеден Одағы елдерінің сараптама тобының Жетінші отырысы барысында талқыға түсетін ЕЭО КК жобасын даярлауда Қазақстан көлікшілерінің шоғырландырылған ұстанымын жасап шығу мақсатында бастама көтерген болатын.

Бейнеконференцияда транзит, алдын-ала ақпараттандыру, тауарларды әкелу-әкету, жүкті, жолаушыларды және жолжүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруда көлік құралдарының қозғалуы мәселелерінен тұратын кеңейтілген баяндамамен ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің Директоры Соқыров Н.Н. сөз алды.

«Баяндама барысында ЕЭО КК 48 тарауынан Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралындағы қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға қатысты ережелерді, сондай-ақ «көлік құралы» терминінен «контейнер» ұғымын алып тастау туралы мәселелер жан-жақты ашылып көрсетілді, - деп атап кетті Соқыров мырза.

Бірінші мәселе бойынша Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы қосалқы бөлшектерге қатысты ережелерді алып тастаудың мақсатқа сәйкес еместігі туралы ұсынысты алға тартты, себебі су көлігінің пайдаланылу ерекшеліктерін ескермейді.

«Контейнер» ұғымын алып тастау туралы мәселе де осылайша қызу талқыға түсті. Халықаралық тасымалдауларға арналған көлік құралы (контейнер) ұғымына түрлі ұстанымдардың болуына байланысты бейнеконференцияға қатысушылар бірыңғай «контейнер» ұғымын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Өзекті мәселелерді талқылау барысында Қазақстанның облыстық өңірлері кәсіпкерлерінің де белсене араласқанын атай кету керек. Сөйтіп, мысалы, Павлодар қаласының кәсіпкерлері қазақстандық тасымалдаушыларды негізсіз ұстап алу және Еуропалық Одақпен Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының шекарасындағы кемсітушілік тексерістер туралы мәселені алға тартты. Бұл мәселені елдегі басқа облыстардың кәсіпкерлері де қолдады. Қазақстандық делегацияның талқылау қорытындылары бойынша ЕЭО КК жобасында қазақстандық тасымалдаушылардың транзитін жеңілдету және олардың мүддесін қорғау жөніндегі нормаларды қарастыру нұсқалды.

Сонымен қатар, Дөңгелек үстелге қатысушылар Өңірлік палаталарға ЕЭО КК жобасын осылайша талқылау бойынша өңірлердің кәсіпкерлерімен «бағыныштылармен» жиналыстар өткізуге, сондай-ақ проблемалы сауалдарды дайындап, оларды шоғырландыру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Орталық аппаратына жолдауға ұсынысын жеткізді.  

Соңында, бейнеконференцияға қатысушылар ҚР ҰКП-ның Кеден Одағы заң жобаларын дайындауда Қазақстан кәсіпкерлерінің мүддесін қорғаудағы айтарлықтай маңызды ролін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер