«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП зияткерлік меншік құқығын, тауар белгісін қорғаудың проблемалы мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

2014 жылғы 13 Маусым
- Астана қаласы
10931 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында мүдделі мемлекеттік органдар және бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен зияткерлік меншік, тауар белгілері құқықтарын қорғаудың проблемалы мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Қазақстан, Белорусь және Ресей мемлекет басшылары қол қойған Шартта техникалық реттеу, салықтар, көлік, қаржы нарықтары және т.б. сияқты экономикалық қызметтің келесі салаларын реттеу қарастырылған. Зияткерлік меншік нысандары құқықтарын реттеу, қорғау және сақтау ерекше орын алады. ЕАЭО туралы Шартта мәселелердің бұл шоғырына сәйкес «Зияткерлік меншік» Бөлімі және Зитякерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау және сақтау туралы хаттама арналған.

Сонымен бірге соңғы кездері көптеген өндірушілер (тауар белгілерінің құқық иеленушілері «Параллельді импортқа» қарсы тұру бойынша шаралар қолдану қажеттігі туралы мәселе көтеруде. «Параллельді импорт» – бұл бір немесе бірнеше елге арналып шығарылған тауарлар импорты, бірақ тауар басқа елдерге тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз апарылады. Сонымен қатар әкелінетін тауарлар түпнұсқа (өтірік жасалған емес) болып табылады.

Зияткерлік меншік нысандарына халықаралық тәжірибені зерттеуде тауар белгісіне құқықтарды түгесудің келесі қағидалары ерекшеленеді:

- ұлттық,

- өңірлік,

- халықаралық.

1) Құқықтарды түгесудің ұлттық қағидасы сәйкес мемлекеттің аумағында тауар белгісі иесінің рұқсатынсыз тауар белгісі бар тауарларды импорттауға тыйым салуды қарастырады;

2) Құқықтарды түгесудің өңірлік қағидасы тауарбелгісі иесінің өзінің немесе оның келісімімен осы өңірдің кез-келген елінен бұрындары өткізілген тауар белгісі бар тауарды кез-келген тұлғаның өңір шегінде (мысалы: ЕО немесе КО аясында) осыдан кейінгі өткізу мүмкіндігін білдіреді.

3) Құқықтарды түгесудің халықаралық қағидасы егер бұл тауарды бұрындары иесінің өзі кез-келген басқа елде өткізсе, иесінің рұқсатынсыз тауар белгісі бар тауарды басқа тұлғалардың елдегі осыдан кейінгі өткізу мүмкіндігін білдіреді.

Қазақстан («Тауар белгілері туралы» ҚР Заңы) және Ресейдің (РФ Азаматтық кодексі) заңнамасы құқықтарды түгесудің ұлттық қағидасын қарастырады, ол бір мемлекет ішінде тауар белгісі иесінің рұқсатынсыз тауар белгісі бар тауарды импорттауға тыйым салуды білдіреді.

Жиналыс қорытындылары бойынша осы бағыттағы жұмысты жалғастыру және белсендіру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер