«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда ритейл саласындағы алғашқы Халықаралық бизнес-саммит болып өтті

2014 жылғы 13 Маусым
- Алматы қаласы
9164 просмотров

ҰКП мен «B2B Conference Group» (BBCG Қазақстан) бірлесіп Қазақстандағы бөлшек сауданың алғашқы тұлғаларының «РИТЕЙЛ БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАН 2014» 1 Халықаралық бизнес-саммитін өткізді, ол 2014 жылғы 5 және 6 маусымда Алматы қаласындағы Достық Отелінде орын алды.

Саммитке 200-ден астам адам қатысты, олардың ішінде қазақстандық ірі ритейл компаниялардың өкілдері де болды. Саммит жұмысына сондай-ақ  депутаттар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты – бұл форматта алғаш рет бір алаңда Қазақстандағы ритейлдың елеулі мәселелерін шешу мақсатында сұхбат орын алды.

ҚР ҰКП тарапынан ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева сөз алды, ол бөлшек сауданың кәсіпкерлік қызмет тізбегінде алдыңғы орындардың бірін алып отырғанын атап өтті.

«Бұл әрқашан да үлкен жұмыс, және де бізде ғана емес, әлемдік көлемде де солай. Тауарды өндірудің оңай еместігін барлығы да біледі, алайда оны нарықта өткізіп, өркендету одан да қиын. Сауда саласындағы кәсіпорындарды қорғау және қолдаумен 15 жылдан астам уақыт айналысып жүрген адам ретінде мұны түсінемін – олар ҚР экономикалық дамуының үлес салмағында бәрінен де ауыр «тартады» - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Оның айтуынша, саммит барлығына біршама тиімдірек болуға және осы салада жаңа өнімдер жасауға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бәсекеге қабілетті бизнесті қалыптастыру – бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басымдылықтарының бірі.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Сауда комитеті Хатшылығының Хатшысы Жібек Әжібаева сөз алды:

"Нарықтың жаңа форматтарына өтетін уақыт келді. Бірақ әзірше жаңа базарлар құруға ешкімнің шамасы келе бермейді. Оларды ескі орнында салу үнемі мүмкін бола бермейді, сондықтан да сатып алушы мен өндіруші арасындағы тізбек ажырап қалады. Қазақстан – транзиттік мемлекет, демек, бізді көпшілігі тартымды нарық деп табады. Ұлттық палатада талап етілген нормаларға сәйкес келмейтін базарларды жабуға мораторий енгізу мәселесі қарастырылған еді,оның аясында қажет заң жобалары жүргізілетін болады. Жаңа базарлардың шын мәнісінде беті әрлендірілген және жаңа орынға апарылған ескі контейнерлер екендігін барлығымыз да жақсы түсінеміз".

«Әлемде бар бөлшек сауданың барлық тренділері бізге келіп, елімізде қабылданады деп күтеміз. Бөлшек бизнестің барлық әкімшілік кедергілерінің пулы, оларды алып тастау – бұл біздің міндетіміз. Тәуелсіздік жылдарында сауда саласында жаңа ережелер мен заңдар жасалды. Алайда уақыт алға жылжи береді, ойын ережелері де ауысады. Біз ескі сауданы ұйымдастырудың посткеңестік тәсілдеріне оралмауға тиіспіз. Осы мәселелерді өз бетінше реттеу мүмкіндігіне жылжитын, өнім сапасын көтеруге талпынатын уақыт келді», - деп қосты ол.

Сонымен бірге, Гүлнар Құрбанбаева үкімет өкілдерін бөлшек сауда нарығын дамыту процесіне, 1,5 млн адам тартылған елдің бұқаралық саласының өзіне белсендірек атсалысуға шақырды.

Саммитте «Қазақстанда жасалған» брендті дамыту туралы мәселе де назарға алынды. Қатысушылардың айтуынша, қазақстандық өндіруші компаниялардың ресейлік және белорустық компаниялармен бәсекелесуге қауқары жоқ. Нарықтың шетелдік өндірушілермен толығуының себептерінің бірі деп бағаны төмендету үшін жергілікті өндірушілердің менеджмент, логистика, есепке шығынды қысқарта алмауын атады. Ақырында, қазақстандық тауарларға деген жоғары бағалар супермаркеттердің төмен бағалауы мен ынтымақтастыққа құлықсыздығына алып келеді.

Бизнес-саммитті өткізуде ерекше бір мән жатты. Ресей, Қазақстан және Белорусь елінің Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойғанынан бері бір аптадай өткен болатын. Осыған орай саммитке қатысушылар мен қонақтар жаңа экономикалық реалияда бөлшек сауданы  дамытудың ерекшеліктері мен мүмкіншіліктеріне баса назар аударды.

Екі күн ішінде саммитке қатысушылар бөлшек сауданың түрлі салаларындағы мәселелерді көтерді: 2015-2020 жж. кезеңіндегі индустрияның басымдылықтары, бөлшек сауданың инновациялық технологиялары, өңірлік бизнестің болашағы, саладағы негізгі және салық мәселелерін шешу, КО және БЭК шартындағы ритейлдің жағдайы, fashion индустриядағы бөлшек желінің тиімділігі және де көптеген басқа да мәселелер.

Ұйымдастыру комитетінің, PR және GR мәселелері жөніндегі басшының Кеңешісі Ахмалишева Әлияның атынан ҚР ҰКП-ға саммитті ұйымдастырудағы қолдау үшін алғыс келіп түсті және ол келесі жобаларда бірлескен жұмысқа дайын екендігін жеткізді. Саммитті ұйымдастырушылар іс-шараны жыл сайын өткізіп тұрмақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер