Кәсіпқойлық пен адалдық – Ұлттық палата қызметкерлері жұмысының басты қырлары
Ақмола облысы бойынша жұмыс сапары барысындағы кәсіпкерлермен кездесуде ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев осындай ой айтты.
ҰКП Төралқасының басшысы Өңірлік палаталардың басшылары мен қызметкерлері өздерінің апта сайынғы жұмысында кәсіпкерлердің проблемалары мен өтініштерін шешудегі басымдылық, ұсыныстар мен нұсқаулықтар даярлаудағы объективтілік сияқты қарапайым ережелерді ұстану керектігін, және де, әрине, өз жұмысын адал және кәсіби түрде орындауға тиіс екендігін баса көрсетті.
«Кәсіпкерлер палаталарының дирекцияларында, өңірлік кеңестерде сыйлы адамдар жұмыс жасауға тиіс. Кәсібилік пен адалдық – міне, өзара байланысты екі қыр, - деді Тимур Құлыбаев. – Біздің өкілдеріміз даму институттарының басқару органдарына келуімен кәсіпкерлерді қаражатпен қамтамасыз ету бойынша жағымды динамика көрініп тұру үшін, Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жер-жерлерде бизнес үшін сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс. Олардың қаржы ресурстарын, қызметтерді алуы жеңіл болуы үшін. Біз өз қызметкерлеріміз үшін жауаптымыз».
Жақында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, Ұлттық палатаның өкілдері ҚР ИЖТМ және «Бәйтерек» холдингінің барлық органдары мен еншілес кәсіпорындарына кіреді, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстанның даму банкі және «Даму» қоры. Кәсіпкерлер палатасы индустриалды дамудың өңірлік карталарын қолдай алады, келешегі бар жұмыстарды көтере алады, әрбір кәсіпкер үшін даму институттарында кредиттердің қолжетімділігін көтеру үшін жұмыс жасауға мүмкіндігі болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: