Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің отырысы өтті
5 маусымда ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті, ол Астана, Алматы және Қарағанды қалалары арасындағы бейне конференция форматында ұйымдастырылды.
Отырысқа «Даму КДҚ» АҚ, «ҚазАгро» Холдингі, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік бақылау комитетінің, шағын және орта бизнестің жетекші қауымдастықтарының, ҰКП-да аккредиттеуден өткен салалық бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Комитет мүшелері Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін талаптарды жасқарту бойынша түбегейлі шаралар бойынша ақпаратпен таныстырылды. Бизнесті қаржылай қолдау аясында Комитет отырысында «ДАМУ» КДҚ АҚ Басқарма Төрағасы Ибрагимова Л.Е. қатысушыларға Қордың кәсіпкерлерді қаржылай қолдау және құзыреттілігін көтеру бойынша Бағдарламасын таныстырды, осының аясында қарыздарды кепілдендіру жүзеге асырылуда. «ДАМУ» Қоры сонымен қатар мемлекеттік органдардың электронды порталдары арқылы қарызгерлер бойынша ақпарат жинау жүйесін автоматтандыруды ұсынды. «КАЗАГРО» Холдингі агроөнеркәсіптік кешенді қолдау көлемдерін, ауылдық жерлердегі ШОБ субъектілерін қолдау туралы, техника мен жабдықтар алуға АШТӨ қаржыландыру, астық нарығын қолдау туралы, холдингтің инвестициялық қызметі туралы таныстырып өтті, сонымен бірге негізгі проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары айтылып кетті. Отырысқа қатысушылар қарыздарды ресімдеу бойынша құжаттар санының көптігіне назаларын білдірді (60-тан астам). «ҚАЗАГРО» холдингінің өкілдері айтылған ескертулердің барлығын ескеретіндіктеріне және құжаттар ұсыну бойынша талаптарды оңтайландыратындықтарына уәде берді.
Кәсіпкерлердің, әсіресе ауылдық жерлердегі, қаржылай қолдаудағы жоғары қызығушылығын көрсеткен жанды конструктивті сұхбат орын алды. Отырыс нәтижелері бойынша осы бәсекелестік ортадағы кәсіпкерліктің ең ұрымтал бөліктері ретінде, әсіресе кеден одағы аясында, ҚР шағын бизнесін дамытуға мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ортақ саясат дайындау үшін Комитет мүшелерінен, «ДАМУ» КДҚ және «ҚАЗАГРО» АҚ өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.
Бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету мәселесі, әсіресе кәсіпкерлерге сервистік қызметтер беру тиімділігі жағы белсенді пікірталас тудырды. Қызметтер сапасын көтеру және салалық специфика есебінен олардың аспаптарын кеңейту мәселелерін пысықтау ұсынылды.
Бизнесті мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына серпін бере алады және беруге тиіс, және де бизнеспен тікелей сұхбат қана олардың тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді, Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің отырысында орын алған талқылау осыны дәлелдеп берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: