«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің жарты жылдық қызметінің алдын-ала қорытындылары

2014 жылғы 05 Маусым
5185 просмотров

АӨК функциялануының қазіргі кезеңінің проблемалары салалардың – өсімдік шаруашылығының да, мал шаруашылығының да дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатқандығы. Қазірде назар мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлік бастама арасындағы, өндіру мен өткізу арасындағы, нарық еркіндігі мен оның шектелуі арасындағы, бизнес пен мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді орнатуға ауысуда. Осы теңгерімдерді орнатуда көмек көрсету ҰКП-ға жүктелген.

ҚР ҰКП АӨК Комитетінің Хатшысы Қасенов Бауыржан Қазыбекұлы мен мал дәрігерлік бойынша ғылым кандидаты және осы Комитеттің сарапшысы  Сейсенов Болат Секенұлы қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында осы және басқа да мәселелер талқыға салынды.

Қасенов Б.Қ. атап кеткендей, Комитет осы миссия аясында түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. Бұған НҚА сараптамасы да, кәсіпкерлердің шағымдарын қарастыру да, барлық бағыттар бойынша жұмыс топтарына қатысу да жатады. Көбінесе проблемалар ведомствоаралық сипатқа ие, не болмаса оларды шешудің ерекше тәсілін қажет етеді. Ол үшін ҰКП алаңында мүдделі тараптардың кездесулері өткізіледі.

Комитет мүшелері жыл басынан бері 5 рет отырыс өткізді және түрлі мәселелерді қарастырып, ұсыныстар енгізді: қаржылай сауықтыру, кредиттеу бойынша проблемалар, көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру, мал дәрігерлік, трансферттік баға белгілеу, монополияға қарсы заңнама бойынша.

Жарты жыл ішінде АӨК комитетінің хатшылығына сараптамалық қорытынды үшін 122 құжат келіп түскен. Бұнда заң жобалары да, Қаулылар да, Үкімет Бағдарламалары да кездеседі.

Бүгін комитет хатшылығы бірлескен талқылаулар бойынша жұмыс жүргізуде, ымыралы шешімдер табуда, шешілмеген проблемаларды ел Үкіметінің деңгейіне дейін көтереді. Сөйтіп, мысалы:

• Біз валютаға таңылған кредиттер бойынша мәселелерді көтердік. «ҚазАгроФинанс» АҚ Басқармасы жақында осындай шарттар бойынша доллар бағамын тиянақтау туралы хабарлады.

• Құс өсірушілерге жемшөп астығын төмен бағалармен беру бойынша өткір мәселе, нарықтағыдай 42 емес, тоннасы 30 мың теңгеден 100 мың тонна жемшөп бөлу туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге, жемшөп тұрақтандыру қорын құру мәселесі бойынша жұмыс жалғасын табуда.

• Жұмыртқаға деген бағаларды монополияға қарсы реттеу бойынша проблема заңнамаға өзгертуді талап етеді.

• Ретроспективті жобалар бойынша инвестсубсидия бөлу бойынша жұмыс жалғасуда.

• Мақта саласының күрделі мәселелері (ҚР «Мақта саласын дамыту туралы» Заңының, сондай-ақ мақтаға деген трансферттік бағаны есептеу әдістемесінің олқылықтары) ауыр жылжуда, бірақ біз сонда да күш салудамыз.

• Экологиялық төлемдер бойынша мәселе шешімді талап етуде. Бұл мәселе бойынша жұмыс тобын құру жоспарда бар.

Осымен қатар келесідегілер бойынша мәселелер қарастырылуда:

- ҚР аумағына мал дәрігерлік препараттарды әкелудегі ҚҚС төлеуден босату;

- а/ш арналған жерлерге агрохимиялық қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа жіберілген ұйымдар тізбесін кеңейту;

- ЖАО а/ш жерлерін алып алуы және жер қызметтерін кепілге беру проблемалары;

- АӨК жобаларын кредиттеу және «ҚазАгро» тарапынан сәйкес сүйемелдеу проблемалары.

Өз кезегінде, сарапшы Сейсенов Б.С. атап кетендей, кәсіпкерлермен кездесулер барысында саланың жүзеге асырылмаған әлеуетінің де көптеген проблемалары анықталды. Мысалы, мал шаруашылығындағы, малды импорттау кезіндегі.

Ауыл шаруашылығының министрлігі зертханаларды қажет жабдықтармен жарақтандыру, жануарлардағы қауіпті ауруларды анықтау үшін зерттеу әдістерін енгізу бойынша қаражат бөлінеді. Жақында бруцеллез сияқты инфекциялық науқастану және көптеген басқа да шетелден малмен бірге келетін экзотикалық аурулар ережелерін қабылдау бойынша НҚА қабылданды. Қой бруцеллезінің де үлкен қаупі бар екенін айта кету керек, ол адам үшін біршама қауіпті болып табылады. Осы науқастануларды төмендетумен айналысу, әсіресе мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде өте маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер