Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысы өтті
2014 жылғы 6 маусымда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Мәжіліс депутаттарының, мемлекеттік органдар, ЖОО қауымдастықтарының, колледждер, ҚР ҰКП Комитеттерінің, бизнестің түрлі салалары мен халықаралық ұйымдардың басшыларының қатысуымен Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста бизнестің кадрларды даярлау және қайта даярлауға қатысуы және қазіргі заманғы кезеңдегі Қазақстандағы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері қарастырылды.
Өз сөзінде ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі, Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің Төрағасы Т. Доскенов талқыланып отырған мәселелердің ерекше маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
«Бизнестің білім беруге қосқан үлесі 2012 жылдың өзінде ғана 618 млн. теңгені құрады. 180 кәсіпорын кадрларды оқыту үшін 1 млрд. теңгеге салықтық артықшылықтар алды. Жекеменшік жоғары білім беру дамуда. Халықаралық бизнес академиясы әлемнің үздік 200 бизнес-мектебімен бір қатарда тұр. Жекеменшік мектептер мен бизнес-мектептердегі оқыту деңгейі көтерілді. 34 жекеменшік кәсіпорын біліктілікті көтеріп, жеке мұқтаждықтары үшін кадрлар даярлауда. Кәсіпкерлер шамамен 6 мың стипендия бөлді. 2 мың оқытушы кәсіпорындарда машықтандырудан өтті. Дегенмен де, бизнес білім беруге инвестиция құю, адами капиталды дамыту, кәсіби кадрларды даярлау мәселелеріне жүйелі түрде келіп отырған жоқ. Жаңа ұстанымдар, стереотиптердің қайта форматталуы, қимылдың жаңа алгоритмі қажет», - деді Т.Доскенов.
Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Әлтаев бұл процеске мүдделі тараптардың – мемлекет, оқу орындары және жұмыс берушілердің функцияларын нақты шектеу ғана соңғы нәтиже – кадрларды сапалы даярлау, нарық қажеттілігін және халықтың жұмыспен қамтылуын қанағаттандыруды алуда жедел, мүдделі және өзара пайдалы әріптестікке көмектесетіндігін атап кетті.
Сонымен бірге корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің Ұлттық тұжырымдамасының және кәсіпкерлердің Ар-намыс кодексінің жобалары қарастырылып, мақұлданды, ол Қазақстанда бизнесті алып жүрудің моральдық-этикалық, негізді қағидаларынан тұрады.
«Еуразия Орталық Азия Қоры» корпоративтік қорының атқарушы директоры Р.Темірбеков корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің Ұлттық тұжырымдамасының негізгі міндеті корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті негізгі мүдделі тараптардың бірыңғай түсінуі болып табылатындығын баса айтты (бизнес, мемлекет, азаматтық сектор).
Отырыс қорытындылары бойынша нұсқаулықтар бекітілді, олардың негізінде Кәсіпкерлер палатасының әрекет ету жоспары жүзеге асырылатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: