Отандық тасымалдаушылар мемлекеттік қолдау сұрайды
Бүгінде отандық тасымалдаушыны мемлекеттік қолдау туралы мәселе өзекті болып табылады, себебі ұзақ жылдар бойы автотасымалдаушыларға дұрыс көңіл бөлінбеді, ең алдымен қозғалмалы құрамды жаңарту бойынша. Кеден одағы құрылған сәттен бастап Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобильдер әкелу кезінде кеден баждарын орнату түріндегі шектеулер енгізілді. Осыған орай Қазақстанның халықаралық автомобильдік, жүк тасымалдаулары нарығы басқа елдердің автотасымалдаушылары алдында осал болып қалды.
2014 жылғы мамырда Көлік, логистика және байланыс комитетінің автомобиль көлігі жөніндегі кіші комитетінің кеңейтілген отрысы өткізіледі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұхбат алаңында Қазақстан Республикасы автомобиь көлігін дамытумен байланысты бизнес-қоғамдастық пен мемлекет өкілдерінің бірлескен шешімін талап ететін мәселелер қарастырылды, атап айтқанда: отандық тасымалдаушыны мемлекеттік қолдау мәселелері, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен ауыр салмақты автокөлік құралдарының (бұдан әрі ААҚ), сондай-ақ қауіпті және (немесе) ірі габаритті жүктерді тасымалдауды жүзеге асырушы ААҚ қозғалысын реттеуші нормаларды жетілдіру, шетелдік автокөлік құралдарын міндетті тіркеуді енгізу және Қазақстан Республикасы аумағына кірерде рұқсаттың болуын бақылау, Ішкі істер министрлігінен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік бақылау комитетіне кейбір бақылау функцияларын қайтаруға қатысты мәселелер, сонымен қатар басқа да мәселелер.
Отырысқа қатысушылар қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасуға және оңтайлы шешімдер қабылдауға белсене ат салысты. Сөйтіп, кейбір бақылау функцияларын ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінен және жергілікті атқарушы органдардан ККМ Көлік бақылау комитетіне қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік бақылау комитетіне ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесе отырып еңбек және демалыс тәртібін, сондай-ақ ҚР Өңірлік даму министрлігімен бірлесіп қалааралық автобустық жолаушылар тасымалына лицензия беруді бақылау функциясын беру жөніндегі мәселені қарастыруды нұсқау шешімі қабылданды.
Бүгінде ҚР аумағына шетелдік автокөлік құралдарының рұқсатсыз келуі туралы мәселе ерекше өзекті болып қала береді. Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне қазақстандық рұқсаттар бланкілерін «өтеу» жүйесін дайындаумен Қазақстан Респуликасының аумағына жүк тасымалдарын орындаушы шетелдік автокөлік құралдарын ықпалды, жүз пайыздық бақылауды ұйымдастыру бойынша сәйкес шаралар қолдануды нұсқау шешімін қабылдады.
Дәл сол күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Машина жасау және металл өңдеу комитетінің автомобиль өнеркәсібі кіші комитеті мен Көлік, логистика және байланыс комитетінің автомобиль көлігі жөніндегі кіші комитетінің бірлескен отырыс өтті, онда жүк автомобильдерін (тартқыштарды) «Тарифтік жеңілдіктер ұсынылатын Тауарлар тізбесі және тарифтік жеңілдіктер ұсыну шарттары мен Ережелерін бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасында қарастырылған трифтік жеңілдіктер берілген Тауарлар мен қызметтер тізбесіне қосу туралы даулы мәселе қарастырылды. Әрбір тарап өз ұстанымын алға тартты: cонымен автомобильдік көлік жөніндегі кіші комитет отандық тасымалдаушыларды қолдауды және тізбеге халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға (тартқыштарды) шыққаннынан бері 5 жыл өткен, бірақ 7 жылдан аспай пайдалануда болған автокөлік құралдарын қосуды ұсынады. Аргумент ретінде қазақстандықтардың 2010-2012 жылдың бірінші жартысы кезеңі бойында қандай да бір көлік құралдарын сатып алу мүмкіндігінен іс жүзінде айрылғандығы жайлы пікір айтылды. Сонымен бірге, Беларусь Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 6 Декретімен коммерциялық ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді пайдалану мерзіміне қарамастан, үшінші елдерден көлік құралдарын (жеңілден басқа) Беларусь Республикасының аумағына әкелуде кедендік әкелу бажынан босату туралы шешім қабылданған болатын. Белорустық операторлар міне үш жыл болды (бір жақты тәртіпте) нольдік кеден меөлшерлемесімен үшінші елдерден көлік құралдарын алу құқығын қоланып келеді.
Қазақстандық автотасымалдаушыларға 2 жылға тарифтік жеңілдіктер беру олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, қазақстандық тасымалдаушылар үлесін көтеруге, қаржылық жай-күйді жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ отандық авто өнеркәсіптің өніміне тұтынушылық сұраныстың өсуіне мүмкіндік береді.
Автомобиль өнеркәсібі кіші комитеті барлық автокөлік құралдарын тізімнен шығаруды ұсынып отыр. Дәлел ретінде отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуға инвестициялар тарту, сонымен қатар ішкі нарықты пайдаланылған автокөлік құралдарын әкелуден қорғау, ҚР-да өндірісі жөнге келтірілген автокөлік құралдарын тауарлар тізімінен алып тастау, сондай-ақ осы сегментке сәйкес келетін пайдаланылған автокөлік құралдарын тізімнен шығару туралы ойлар айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша кіші комитет мүшелері ортақ пікірге келе алмағандықтан, мәселені ҰКП Басқармасының талқысына салу туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: