«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қ. Кәсіпкерлердің бірінші конференциясына қатысушылар Қарар қабылдады

2014 жылғы 03 Маусым
4824 просмотров

Алматы қ. Кәсіпкерлердің І конференциясы форумға қатысушылардың оңтүстік астананың бизнес-ахуалын жақсарту жөнінде ұсынған 18 тараудан тұратын Қарарды қабылдаумен аяқталды.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап өткендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мүдделерінің өкілі және мемлекеттік орган мен Үкіметтің толық құқықты серіктесі болып табылады.

«ҰКП туралы Заңда заң жобаларының және нормативтік-құқықтық актілер жобаларының міндетті сараптамасы белгіленген. Бұл бізге кәсіпкердің қызметіне әсер ететін кез келген нормативтік актіні, заң жобасын басынан бастап талқылауға мүмкіндік береді. ҚР Үкіметінің қатысуымен мекемеаралық комиссия белсенді түрде жұмыс істеуде, барлық министрліктер пен мекемелерде сараптық кеңестер құрылған. Бас прокуратура, қаржы полициясымен меморандурдарға қол қойылды. Даму институттарымен тығыз жұмыс басталды. Барлық мемлекеттік органдарда келіссөздер алаңдары құрылған. Ел Президенті қол қойған Түбегейлі өзгерістер жасау туралы жарлық біз үшін барлық заңнамалық актілерге тексеріс өткізуге үлкен мүмкіндіктер береді. Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз», - деді Абылай Мырзахметов.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Елбасының Алматыны Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы орталығы ретінде жайғастыру туралы ұсынысын еске сала отырып, мегаполистің бизнес ортаның жинағы ретінде әрі қарай қалыптасуы үшін қалалық Кәсіпкерлер палатасы қызметінің маңыздылығын айтып өтті.

«Алматы Қазақстандағы ең ірі қала. Мұнда республикалық масштабтағы көтерме сауда тауар айналымының 46 %-ы, бөлшек саудадағы тауар айналымының 27 %-ы, сыртқы сауда айналымының 21 %-ы қамтамасыз етіледі. Алматы еліміздің қаржы орталығы. Егер ЕАЭО аясында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыратын болсақ, онда бұл қаланың дамуына үлкен мүмкіндіктер ашылады», - деп есептейді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Кәсіпкерлердің І конференциясы өтті. Оған ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Алматы қ. әкімі Ахметжан Есімов, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының басшылары, бес жүзден аса бизнес-бірлестіктердің өкілдері, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер