Саратов облысы Үкіметі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2014 жылдың 3-5 маусым аралығында Астана қ. Саратов облысы күндері аясында Саратов облысы өзінің экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалын таныстырады.
Осы шара аясында ағымдағы жылдың 3 маусымында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Саратов облысы Үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған Саратов облысы губернаторы Валерий Радаев пен ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Сабыр Есімбетов қол қойды.
Сол күні бизнестің 100 шақты өкілі қатысқан Саратов және қазақстандық кәсіпкерлердің байланыстар биржасы өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: