«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Сауда нысандарын мемлекеттік деңгейде салу және жетілдіру жоспары қажет

2014 жылғы 04 Маусым
4508 просмотров

Нарықты реформалау мәселелері ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Сауда комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Отырыста жарқын мысал ретінде оңтүстік астанадағы нарықтардың жай-күйі талқыға салынды, ол бүгінде алып тауар айналымы мен қаптаған проблемасы бар логистикалық орталық болып табылады. Бұдан бытыраңқы базарлар, салықты жасыру, қызметтер сапасымен, өртке қарсы қауіпсіздікпен және санитарлық нормалармен арадағы проблемалар да табылады.

«Ұлттық палата талқылауға сауда нарықтарымен жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты ұсыныстарды талқылауға шығаруға тиіс. Өңірлер қимасында оны орындаудың бекітілген бюджетімен сауда нысандарын модернизациялау және салудың кешенді жоспарын жасап шығу қажет, және де бизнестің, үкіметтің және әкімшіліктердің құрылымдық жұмысына кірісу керек. Жүйелік шешімдердің уақыты келді», - деді Тимур Құлыбаев. 

Сауданың өркениетті форматына көшу үшін уақыт керек болады. Бүгінде республикадағы сауда алаңдарының бүкіл қорының шамамен жартысын «базарлар мен нарықтар» құрайды. 2011 жылдан бері жергілікті атқарушы органдар оларды оңтайландыру жөніндегі жұмысты бастап кетті. Мысалы, Алматыда әрекет етіп отырған 74 нарықтың 35-н жабу қарастырылған. Бірнеше ірі өрттен кейін жағдай ушығып кетті, нәтижесінде бірнеше жүздеген саудагер зардап шекті, орны толмайтын залал шамамен 10 млрд теңгені құрады. Көптеген саудагерлерде банкілер алдындағы кредиттік міндеттемелер қалып қойды. 

Төралқа Басшысы Тимур Құлыбаев кезең-кезеңмен әрекет етуді ұсынды: «Елдің Үкіметіне бұзуға мораторий кезеңінде салынатын сауда нысандарының құрылысы мен модернизацияның кешенді жоспарын қабылдағанға дейін жаппай бұзу мен базарларды жабуды тоқтатуды сұрап сәйкес хат жолдасақ, қалай болады. Біз үш тараптың – сатып алушы, бизнесмен және мемлекеттік органдар мүддесін ескере отырып, әрекет етуге тиіспіз».

Жобада саудагерлердің өздері үлескерлер, акционерлер немесе жарнашы ретінде қатысқаны дұрыс болар еді. Олардың меншік иелері ретіндегі рөлі сауда нысанының инфрақұрылымын дамыту үшін жауапкершілікпен бірге өседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер