ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Жамбыл облысының кәсіпорындарын аралады
Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев «Қазфосфат» ЖШС фосфорлы өнімдер өндіретін зауытын, Қазақстандағы ең танымал тамақ өнеркәсібі кәбіпорны«Та-Мақ» ЖШС-н, сонымен қатар «Тараз-Арена» жаңа спорт сарайын аралады. Өңірлік кәсіпорындардың жұмыстарымен танысқаннан кейін, Тимур Құлыбаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелерімен және өңірдің әкімі Кәрім Көкрекбаевпен кездесетін болады.
Кездесу барысында облыстағы кәсіпкерлікті дамыту, ШОБ үшін қажет инфрақұрылымды құру мәселелері талқыланады. Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының ҚР ҰКП І Құрылтайында айтылатын пікірлері мен ұсыныстарын толық талқылау жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: