«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қ. кәсіпкерлерінің бірінші конференциясы өз жұмысын бастады

2014 жылғы 03 Маусым
4333 просмотров

Бүгін Алматыда Кәсіпкерлердің бірінші конференциясы жұмысын бастады. Форумға ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Алматы қ. әкімі Ахметжан Есімов, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының басшылары, бес жүзден аса бизнес-бірлестіктердің өкілдері, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Конференцияны Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің Төрағасы Иван Кравченко ашты, содан соң Өңірлік палатаның директоры Ерлан Стамбеков атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Оның айтуынша, қалалық Палатаның қалыптасуына әкімдіктің атқарған рөлі орасан зор болды. Онымен тығыз қатынас орнатылмаған жағдайда, көптеген нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмас еді.

«Жұмыстың алғашқы күнінен бастап біз биліктің барлық сабағаттық-кеңесші органдарында аккредиттелген болатынбыз, олардың ішінде прокуратура, қаржы полициясы, кеден комитеті, техникалық қадағалау комитеті, тәртіптік кеңес жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмыстарын, сонымен қатар, қаланың Іскерлік кеңесі мен Өңірлік үйлестіру кеңесін ерекше атап өткім келеді»

Ерлан Стамбеков қала билігі мен Палата сарапшылары арасындағы табысты қызметтестіктің мысалдарын келтірді. Осы жылдың 15 сәуірінде Іскерлік кеңестің отырысында барлық кәсіпкерді мазалап жүрген мәселе – салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату немесе жай ғана «шотты қолдануға тыйым салу» туралы талқыланды. Тез арада отырыс өткізілді, оның қорытындысы бойынша Премьер-министрдің атына сәйкес ұсыныстармен хат әзірленді.

Сондай-ақ жарты жыл жұмыс ішінде мемлекеттік органдар мен ЖОО арасында өзара қызметтестік туралы 8 меморандумға қол қойылды, ШОБ-ті 3 заңсыз тексеруге жол берілмей, Палатаның қатысуымен кәсіпкерлерге қатысты 40 млн. теңге көлемінде айыппұл төлету туралы соттың заңсыз шешімі жойылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі, әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат процедураларын оңтайландыру туралы ұсыныстар жасау бойынша жұмыс тобы құрылды.

Конференция жұмысы түске дейін жалғасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер