«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелері талқыланды

2014 жылғы 30 Мамыр
5336 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сұхбаттасу алаңы аясында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын субсидиялау және салық салу проблемалары талқыға салынды.

Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында, Басқарма Төрағасының Орынбасары Жаннат Ертілесованың басшылығымен қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын субсидиялау және салық салу проблемалары бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысқа ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Салық комитетінің өкілдері, қауымдастықтар, ҚР өңірлік кәсіпкерлер палаталары қатысты.

Жиналыс қорытындылары бойынша келісілген ұсыныстарды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанынан жолаушылар тасымалын ҚҚС-тан босату және КТС мөлшерлемесін түсіруге қатысты құрылған, жеңілдіктерді сақтау/алып тастау бойынша жұмыс тобының қарастыруына енгізу керек деген шешім қабылданды.

Көлік және коммуникациялар министрлігі 2014 жылғы 15 маусымға дейін ҚР ҰКП-ға жолаушылар тасымалына тарифтерді есептеудің нақты механизмін орнату және әлеуметтік маңызды бағыттарды міндетті субсидиялау мәніндегі ережелерді жетілдіруге қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер