Тимур Құлыбаев: әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құрметке лайықты
Бұл жайында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өңірлерге жұмыс сапары аясында кәсіпкерлерімен өткен кездесулерде мәлімдеді.
«Бизнесте әлеуметтік жауапкершіліктің болуы өте маңызды. Қоғамда кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, жеке ісін жүргізіп отырған, өңірлерде жұмыс орындарын ашып, салық төлеп отырған азаматтарға деген көзқарас өзгеруі керек. Әлеуметтік-жауапкершігі бар бизнесті құрып отырған отандық кәсіпкерлік өкілдері үлкен құрметке лайықты, - деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Кейбірі спорт саласын дамытуға демеу көрсетіп жатса, енді бірі мәдениет, тарихи мұраны өркендетуде, ал келесісі ауылдарда, аудандарда, қалаларда әлеуметтік мұқтажы бар азаматтарға жәрдемдесуде. Отандық бизнесте осындай жұмыстар атқарып отырған әлеуметтік тұлғаларды танытуымыз керек, бұдан қымсынбау керек. Азаматтарымыз, әсіресе жастар жеке ісін ашып оны өркендетуде қажырлы еңбек пен білім қажет екенін білуі шарт, тек сонда бастаған іс табысты болмақ».
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы бизнес, билік және қоғам арасында сындарлы өзара әрекеттестікті қалыптастыру жолында еңбек ету отандық кәсіпкерлік қоғамдастықтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: