«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда облысында кәсіпкерліктің сәтті дамуы айтарлықтай байқалады

2014 жылғы 31 Мамыр
4983 просмотров

ҚР Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының өндірістік нысандарын, атап айтар болсақ, тозығы жеткен автобомиль шиналарын кешендік қайта өңдейтін зауыт «SmartRubber» ЖШС мен  су тазалауға қажетті мембрандық құрылғылар өндірісімен айналысатын «КазРосИнновация» кәсіпорнын аралады. Кәсіпорындардың жұмыс қарқынымен танысқаннан кейін Тимур Құлыбаев облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлер палатасы және Өңірлік кеңес мүшелерімен өткен кездесуде  өңірлік кәсіпкерліктің сәтті дамуы Қызылорда облысында елеулі өзгерістерді байқатып отырғанын атап өтті. «Қырымбек Елеуұлы бюджеттен қаржыландырылған 30-дан астам жоба іске қосылғанын, 4 ұзақ мерзімді жоба аяқталуға жақын екендігін мәлімдеді. Бизнесмендер мұндай үрдістерге белсенді түрде атсалысуы керек», - деді ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы өңірлік бизнес өкілдерін ҚР ҰКП мен Үкімет арасында жоғары деңгейде қалыптасқан  диалог алаңын жергілікті деңгейде де қабылдауға, осылайша барлық әкімшілік кедергілерді жоюға шақырды. «Бизнестің өркендеуіне тосқауыл болып отырған әкімшілік кедергілерді қажетті дәрежеде азайтуды көздейтін заңды қабылдауда үш жыл еңбек еттік. Егер өңірде осындай кедергілер туындаса, оларды жою қажет. Бизнес Ұлттық палатаның шынайы қолдауын сезінуі керек», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев. Төралқа Төрағасы қаржылық қолдау көрсетуге қатысты  кешегі күні Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қол қойған меморандум офсеттік саясатты тиімді дамытуға, Қазақстан аумағында өндірістерді бейімдеуге  мүмкіндік беретінін мәлімдеді. «Бәйтерек» ҰБХ және даму институттарымен өзара орнатылған тығыз байланыс бизнестің қаржыландыруының айқындылығы мен тиімділігін арттыратынын айта өтті. «Қызылордалық кәсіпкерлер үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-мен диалог барысында Қазатомпромен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу және сатып алуларға қатысу шаралары әзірленіп, бұл шаралар құжатта жазылатын болады», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа басшысы Қызылорда облысының бюджетіндегі  қомақты түсімдерді есепке ала отырып,  бизнеске қолдау көрсету бойынша қаржылық және басқа да инструменттер мен механизмдер туралы барлық ақпараттарды ұсынатын, ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмыс тәжірибесін қолдануды ұсынды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер