ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары
Бүгін ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапары аясында Ақтау болат құю зауытын және Ақтау пластикалық массалар зауыты базасында битум өндірісімен айналысатын кәсіпорынды аралайды.
Кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы және Өңірлік кеңес мүшелері, сондай-ақ өңір басшысы Алик Айдарбаевтың қатысуымен облыста бизнесті жан-жақты дамыту бойынша бірқатар тақырыптарды талқылау жоспарланған. Талқылауға түсетін басты тақырыптардың бірі шағын және орта бизнеске қолайлы қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру болмақ.
Сондай-ақ, ҚР ҰКП І Съезіне Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары жете талқыланатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: