«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП Қазақстан мен Қырғызстан арасында шекаралас аумақтарда туризмді дамыту мақсатында келісім жасасу бастамасын көтерді

2014 жылғы 29 Мамыр
5969 просмотров

Халықаралық «Хан Тәңірі» альпинистік лагері негізгі туристік көліктік-өтпелі пункт, және де Хан Тәңірі шыңының етегіне топтарды тікұшақпен тасымалдау үшін әуе порты болып табылады. Бірақ 2010 жылдың көктемінен бастап, Қырғызстандағы оқиғалардан кейін, туристік автобустардың лагерьге өтуі үшін арнайы салынған Қарқара шекаралық өзені өтетін көпір бөгеуші құрылыстармен тосқауылданған болатын, соның себебінен шетелдік туристер үшін ең танымал нүктелердің бірі іс жүзінде өту жолынсыз қалған еді.

Өткен маусымдарда  ҚР үкіметінің өкімімен маусымдық БӨП ашылып, шілде-тамыз айларында жұмыс жасады, биылғы жылғы маусымда лагерь проблеманың осылайша шешілеріне үміттенеді.

ҰКП-ға кәсіпкерлік субъектісі келіп жүгінгеннен кейін, палата 1 маусымнан 1 қазанға дейін жазғы биік таулы маусымда бекітілген таулы бағдарлар бойынша ұйымдастырылған топтар үшін 5 жерде (Қарқара өзені арқылы Чар Құдық шатқалына көпір; Көкжар және Чон-Жалаңаш өзенінің құйылысы; Ашутор асуы; Сарыбұлақ асуы; Озерный асуы) маусымдық өткізу пункттерінің жыл сайынғы ашылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Және Қырғыз Республикасы арасындағы шекаралас аумақтарда туризмді дамытуды ұйымдастыру бойынша үкіметаралық келісімге қол қою жолымен осы проблеманы жүйелік шешуге бастама көтеруді ұсынды. Бүгінде осы мәселені талқылау үшін барлық мүдделі тараптар тартылды, оны жағымды жаққа шешудің маңызды жақтары туристік компаниялар үшін барлық маусым бойына өз бағдарламаларын ертерек қалыптастыру мүмкіндігі және туристік маусым кезінде туристік ағынды ұлғайту болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер