«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес сегізінші отырысын өткізді

2014 жылғы 27 Мамыр
5484 просмотров

Қазақстандағы авторлық қоғамдар қалай табыс табады? Дизельдік отын мен жанармай құйылған 151 цистернаны Жамбыл облысының кеден постында неліктен тоқтатты? «Sinooil» автоқұю бекеттерінің желісін кім және не үшін мақсатты түрде жоюда? Және де кеден неліктен мал дәрігерлік препараттарды импорттаушылардан жоқ салықты төлеуді талап етуде?

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің сегізінші отырысына қатысушылар осы және басқа да сауалдарға жауап беруге тырысты.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес – бұл ҚР ҰКП консультациялық-кеңесуші органы, ол 2013 жылғы қарашада кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі міндеттерді тиімді және жүйелік шешу, сонымен қатар елдегі бизнестің проблемалы мәселелерін көпшілікке түсіндіру мақсатында құрылған.

Кеңес құрамына Бас прокуратураның, Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің (Қаржы полициясы), бірінші басшыларының орынбасарлары, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ғалым-құқықтанушылар, адвокатура, бизнес-қоғамдастық және БАҚ өкілдері кіреді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы Ғани Қасымов өз сөзінде атап кеткендей, Кеңес Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр энергиясы үшін жүз пайыздық алдын ала төлем проблемасын шешу ісінде мәре сызығына кеп қалды. Бұл күрделі мәселе Кеңестің ең бірінші отырысында көтерілген болатын. ОҚО Энергоөнеркәсіптері осыдан бастап онкүндік бойғы төлемге көшеді.

Кеңес отырысы күн тәртібінің бірінші мәселесі авторлық қоғамдар мен дистрибьюторлармен келісім болмауынан әкімшілік жауапкершілікке тартылатын телерадио хабар тарату операторларына қатысты болды. Телерадио хабарларын таратушы операторлар телеарнаның бағдарламасын таратуға сәйкес құқық алады. Телеарналар өз кезегінде таратылатын бағдарламалар үшін авторлық құқық бойынша жауапкершілікті өздеріне алады.

Алайда авторлық қоғамдардың ойынша, телерадио хабарын таратушы операторлар дәл осы телеарна-құқық иеленушіге немесе шығарма авторларына телебағдарлама үшін қайтадан төлеулері қажет, бірақ ендігі жерде делдал – авторлық қоғам арқылы.

Кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне телерадио хабар таратушы операторларында мұндай міндеттеменің жоқтығы туралы нақты түсінік беру өтінішімен жүгінуге шешім қабылданды.

Екінші мәселе – Қырғыз Республикасында Еуро-2 стандартындағы ЖММ өткізуші «Orda Munai Trade» ЖШС проблемасы. 2014 жылғы 14 сәуірде Жамбыл облысының Луговая темір жол станциясыда «Құлан» кеден постының лауазымды тұлғалары серіктестіктің тауарын (цистерналардағы жазғы дизельдік отын және АИ-92 жанармайы) ұстап алады. Тауарды ұстау себебі «Orda Munai Trade» ЖШС-ның Қазақстан Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №1402 «Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойлдарды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қаулысын бұзудың орын алуын негізге алған кеден органдарының әрекеттері болып табылады.

Сонымен бірге Кеңестің сегізінші отырысында «Sinooil» ЖШС-ның Алматы қ. мемлекеттік бақылау органдарының әрекетіне қатысты жүгінуі бойынша мәселе және мал дәрігерлік препараттарды импорттау кезінде ҚҚС негізсіз есептеу мәселесі қарастырылды.

Кеңес мүшелері ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттігіне бақылаушы мемлекеттік органдар әрекетінің заңдылығы мәніне тексеріс жүргізу бойынша мәселені қарастыру туралы жүгінуге, ҚР Бас прокуратурасына қайтадан жүгінуге және «Sinooil» ЖШС мәселесін ҚР кәсіпкерлік белсенділік жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамаға қосуға шешім қабылданды.

Мал дәрігерлік препараттарды импорттау кезінде ҚҚС негізсіз есептеу мәселесі бойынша ҚР Бас прокуратурасына ҚР Салық Кодексінің мал дәрігерлік кәсіпорындарды ҚҚС төлеуден босататын ережесін қолдану тәртібін түсіндіру туралы хат жолдауға шешім қабылданды.

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің Төрағасы Ғани Қасымов қарастырылған әрбір мәселенің жуық арада жағымды жаққа шешілетіндігіне сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер