«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қадам жасалды, бірақ барлық жұмыс әлі алда: «Богви» оңалып келеді

2014 жылғы 27 Мамыр
5394 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының үстіміздегі жылдың 27 мамырдағы «Богви» ЖШС құрылтайшысы және директоры В.Г.Богданецке қатысты үкімін үлкен разылықпен қабылдады.

Сот шешіміне сәйкес В.Г.Богданецтен оған тағылған айыптың  үлкен бөлігі алып тасталды, атап айтқанда Қылмыстық кодекстің 177 бабы (алаяқтық) бойынша. В.Г. Богданецке қатысты екі жыл мерзімге шартты соттау қолданылады, оның бірін ол өтеп тастады, осыған орай Богданец В.Г. сот залында босатылды.

Бұрындары Ұлттық палата түрлі деңгейлердегі жиналыстардың бастамашылы болып еді (соның ішінде Үкіметте де), «Богви» Компаниялар тобының келешегіне қатысты және оның банкрот болуына жол бермеу үшін кешенді пікір қалыптастыру мақсатында мүдделі тұлғалардың кең көлеміне жүгініп еді, сонымен бірге істі объективті қарау туралы өтінішімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Төрағасы Қайрат Мәмиге де барған болатын. «Богви» КТ өтініштеріндегі жағдаят Ұлттық палатаның Агроөнеркәсіптік кешен комитетінде қарастырылып, оның қорытындылары бойынша Комитет Төрағасы  Сауэр И.А. Ақмола облыстық және Бурабай аудандық соттарының Төрағаларына өтініш жасау бастамасын көтереді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасаған жұмыс, біздің соттарға жолданған дәлелдер мен аргументтер лайықты түрде қабылданып, жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілді. Бұны бизнес-қоғамдастықпен, және де, әсіресе агроөнеркәсіптік кешен субъектілері арасында жағымды түрде қабылданады деген ойдамыз.

Бұл шешім В.Г. Богданецтің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоспарлаған «Богви» КТ қаржылай сауықтыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға кірісуіне мүмкіндік береді. Оның жұмысты ұйымдастырудағы және еңбек ұжымын жұмылдырудағы кәсіби тәжірибесінің айтарлықтай мәнге ие боларына сенімдіміз. 

Қадам жасалды, бірақ «Богви» КТ банкрот болуына жол бермеу бойынша жұмыстың бәрі әлі алда.

«Богви» КТ ірі кредиторларымен жүргізілген келіссөздер жағымсыз әлеуметтік, экономикалық және салалық салдарларды бітіндеп жою (барынша азайту) мүмкіндігінің әлі де жоғалмаған деп және оны қаржылай оңалтуға алғышарттар бар деген қорытындыға келуге көмектеседі.

Мәлімет: «Богви» Компаниялар тобы елдің ең ірі агрохолдингтері бестігіне кірген, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы көп функционалды агроөнеркәсіптік холдинг. Астық өндірісіне 24 кәсіпорын жұмылдырылған, соның ішінде 7 кәсіпорын Ақмола облысында және 17 кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысында. 350 мың гектарда 300-600 мың тонна көлеміндегі астық өндірілген. Егістік және жинау жұмыстары кезеңінде басым көпшілігі ауылдық жерде тұратын 5 мыңнан астам адам тартылған.  Компанияның миноритарлық қатысушылары – өздерінің шартты жер үлестерін жарғылық капиталды төлеуге берген және қызметтен табыс алатын ауыл тұрғындары 16 мыңнан астам адамды құраған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер