«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада кәсіпкерлер конференциясы өтті

2014 жылғы 27 Мамыр
5316 просмотров

Бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың, мемлекеттік органдар мен астанадағы бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Астана қаласы кәсіпкерлерінің Конференциясы өтті. Форумда Астана Өңірлік кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің аралық қорытындылары жасалды, сондай-ақ астанадағы кәсіпкерлікті дамытудың келешегі бар бағыттары белгіленді.

«Қазақстанның бас қаласында кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалған. Осындағы жағымды бизнес-ахуалды құру туралы айту керек, әкімшілік кедергілер мәселесі – бұл күн тәртібінен жылдам алынып тасталуға тиіс мәселе. Жалпы республика бойынша, сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлер үнемі көтеріп отыратын  270-тен астам мәселе бар, және де біздің бірлескен міндетіміз осы мәселелерді шешу, - деп жиналғандарға қарата айтты Тимур Құлыбаев. – Сіздердің өңірлеріңізде мұндай мәселелер одан да көп. Астана мәртебесі – бұл бизнесті жүргізу үшін өте жағымды мүмкіндік. Осында барлық орталық мемлекеттік органдар, барлық даму институттары шоғырланған, сол себепті бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін барлық мүмкіндіктерге барынша қол жетімді. Мемлекеттік қолдау шаралары және оларды табыспен игеру туралы біздің кәсіпкерлердің ақпараттануын күшейту қажет. Біз астанамызды үлгі, өмір сүруге және бизнес жүргізуге ыңғайлы орынға айналдырамыз». 

«Кез-келген қалалық ортадағы кәсіпкерліктің дамуының ең басты және маңызды шарты жағымды бизнес-ахуал болып табылады. Бұл, негізінде, біздің қаламыз үшін де шағын және орта бизнестің әлеуметтік тұрғыдан өзін сезінуінің өте маңызды индикаторы. Астана бүгінде экономикалық дамудың тұрақты өсімін көрсетіп отыр, бұл ел бюджетіне түсімдердің ортақ құрылымынан көрінеді. Және де, ең бастысы, жеке табыстар өсімі байқалып отыр», - деді өз сөзінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

«Бүгінде Астанада шағын және орта бизнестің 56 мың белсенді субъектісі бар, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 17%-ға артық. Өндірістік өнім көлемі 2013 жылда 1 трлн. 200 млрд. теңгені құраған, және де бүгінде Астана осы саладағы бір жұмысшыға қайта есептеуде өнім өндірісі көлемі бойынша бірінші орын алады. Егер республикада бұл көрсеткіш  3,4 млн. теңге болса, онда Астана бойынша 2 есеге дерлік артық», - деп қосты Иманғали Тасмағамбетов.

Өз кезегінде Астана Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов бірлестік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Олардың арасында қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін көтеру, астанадағы іскерлік ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді қысқарту, адами ресурстарды дамыту, білім берудің дуалды жүйесін қалыптастыру, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша жобалар басым болып табылады.

«Палата нормативтік-құқықтық актілер талдауын жүргізіп, құрылыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу мерзімін 120-дан 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін сызба жасалып шығарылды», - деген ақпарат берді М.Мәжитов. 

Бас қала кәсіпкерлігінің бірінші кезекті проблемалары арасында – бизнеске жер телімдерін берумен және Астананың Сәулет және қала құрылысы басқармасында құжаттарды ресімдеумен байланысты мәселелер тұр. 

Жуық арада Астананың Кәсіпкерлер палатасы Бизнеске сервистік қолдау көрсету бойынша жобаны бизнесті жүргізудің жеті бағыты бойынша жүзеге асыруды бастайды: бұл салықтар және бухгалтерлік есеп, маркетинг, ақпараттық технологиялар, сапа менеджменті жүйесі, кеден процедуралары.

Астананың Кәсіпкерлер палатасы қала әкімшілігімен бірлесіп астаналық мемлекеттік Құрылыс-техникалық колледж базасында Ресурстық-технологиялық орталық құрады. Орталықта екі және одан да көп шектес мамандықтарға ие жоғары білікті әмбебаптарды дайындайтын болады.

Облыстағы жарты жылдық қызметтің нәтижесі 28 мамырда бизнестің, оқу орындарының (колледждер), талапкерлердің, жұмыссыз азаматтардың қатысуымен өтетін Астаналық еңбекпен қамту Форумы болмақшы.

«Қазақстанда Кәсіпкерлер палатасын құру және оған салмақты өкілеттіктер беру мемлекеттің бизнес тұлғасында шынайы экономикалық серіктес көргісі келген ниетіне куә болады», - дейді М.Мәжитов.

Іс-шараға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қаланың бизнес-қоғамдастықтарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер