«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар мақта компанияларына қатысты заңсыз іс қозғауға жол бермеді

2014 жылғы 23 Мамыр
6660 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жұмысының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында «Багара мақта» ЖШС, «Түркістан мақта» ЖШС және «Яссы групп» ЖШС мақта компанияларына қатысты заңсыз қозғалған істер тоқтатылды.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының атына осы компаниялардың басшыларынан алғыс хат келіп түсті, онда олар бизнесті қорғау бойынша көрсетілген қолдау мен жедел жұмыс үшін ризашылықтарын білдірген екен.

«Багара мақта» ЖШС, «Түркістан мақта» ЖШС және «Яссы групп» ЖШС мақта компаниялары бүкіл ұжымның атынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасын кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселесінде және кейбір лауазымды тұлғалар жасаған заңсыздықты болдырмауда көрсеткен жәрдемі мен көмегі үшін алғыс айтады», - делінген хатта.

Сөйтіп, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР ҰКП жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес, ҚР Бас прокуратурасы және Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының араласуының арқасында «Багара мақта» ЖШС, «Түркістан мақта» ЖШС және «Яссы групп» ЖШС мақта компанияларына қатысты 2013 жылы ОҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің органдары заңсыз қозғаған қылмыстық істер сұратылып, зерттелді.

Қазіргі уақытта 2014 жылғы 12 мамырдағы ОҚО Прокуратурасының шешімімен қылмыстық істер тоқтатылды.

Хат авторлары «Мемлекет басының ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы шешімінің республиканы дамытудағы ақталған және уақытылы, оның экономикалық негізін нығайтушы және бизнесті дамытуға жәрдемдесуші оқиға болғанына» сенім білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер