«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2014 жылғы 23 Мамыр
6344 просмотров

Астана қаласында IX Инновациялық конгресс аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ арасында инновациялық даму саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма Төрағасы Айдын Құлсейітов және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы Төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская қол қойды.

Осы Меморандум аясында Тараптар Қазақстан Республикасындағы индустриалды‑инновациялық даму мақсатында өзара ынтымақтастық туралы келісімдерін білдірді.

Сонымен, құжат инновациялық даму мәселелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасуды, мемлекеттік қолдау құралдарын дәріптеу және өркендетуді, бірлескен сарапшылық қоғамдастықты қалыптастыруды, ҰКП Өңірлік палаталарының қызметкерлерін индустриалды‑инновациялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қолдау құралдарын алу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге ақпараттық‑консультациялық қолдау беру ережелеріне тегін оқытуды көздейді.

Меморандумды орындау мақсатында Тараптар Меморандумды жүзеге асыру бойынша кезең‑кезеңмен әрекет ету Жоспарын дайындайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер