«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедендік бақылау комитеті кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша заң жобасына ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шамамен 29 түзетуін қабылдады

2014 жылғы 26 Мамыр
7461 просмотров

Қазақстан Республикасының «Кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын (бұдан әрі ‑ Заң жобасы) дайындау Қазақстан Республикасы Президентінің  2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 Жарлығымен бекітілген, Мемлекет Басының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы халықтық іс‑шаралар жоспарының №7 тармағын орындаумен шартталған.

Бұл Заң жобасы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының «ҚР Кеден ісі туралы» Кодексіне, сондай‑ақ «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңына өзгертулер енгізуден тұрады.

Заң жобасының тұжырымдамасы келесілерді көздейді:

1) СЭӘ қатысушыларының құжаттар мөлшерін, уақытын және шығындарын қысқарту;

2) кедендік бақылауды кедендік тазарту сатысынан тауар шығарғаннан кейінгі сатысына көшіру;

3) ӨЭО институтын жетілдіру;

4) жеке қолдану үшін жеке тұлғалардың тауарларды алып өту механизмін жетілдіру.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Заң жобасын талқылауға белсене ат салысты. 38 түзету жолданды, олардың ішінен ҚР ҚМ КБК Кедендік бақылау комитеті тұлғасындағы Заң жобасын дайындаушы 29 түзетуді қабылдады.

Қазақстандық бизнестің түзетулері келесілерге қатысты болды:

заң жобасынан тауарларды импорттауда ӨЭО және жеке тұлғалар үшін қосымша алымды енгізуге қатысты түзетулерді алып тастау;

кедендік органдар кінәсінен кедендіктен кейінгі бақылау барысында тауарлар кодын өзгертуде өсімпұл салмау;

ӨЭО тізілімінен алып тастау бойынша шартты өзгерту;

камералды кедендік бақылауды жүргізуде ұстанымдарды өзгерту;

кедендіктен кейінгі бақылауды жүргізгенге дейін өз бетінше анықтау және қателікті жою кезінде СЭӘ қатысушысын жауапкершілікке тартпау және т.б.

Сонымен бірге, кедендік реттеудің ең өзекті проблемалары электронды декларациялау мәселелері болып қала береді. Әлі күнге дейін электронды декларациялауды толыққанды енгізуге бірқатар мемлекеттік органдарда рұқсат құжаттарын электронды түрде беру мүмкіндігінің болмауы кедергі болып табылады.

Ұлттық Кеден кодексіне бизнес ескертулерін ескере отырып өзгертулер енгізу қазақстандық бизнестің дамуына жаңа екпін береді, олардың бірінші кезекте Кеден одағы елдерінің нарығында, сонымен қатар халықаралық нарықта да бәсекеге қабілетті болуларына мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер