«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуалды оқытуды енгізудің жол картасын дайындады

2014 жылғы 22 Мамыр
6547 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік индустриаландыру карталарына таңылған Дуалды оқытуды енгізудің жол картасы жобасын дайындады, деп VII Астаналық экономикалық форумның әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелері жөніндегі панельдік сессиясында хабарлады ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев.

«Палата Индустриалдандырудың өңірлік карталарына таңылған дуалды оқытуды енгізудің Жол картасы жобасын дайындады. Өңірлерде кадрларды даярлау процесіне қатысатын кәсіпорындарға және нақты компаниялар басқаруына берілетін колледждер анықталды, олардың жанынан біліктілікті көтеру мен кадрларды қайта даярлаудың оқу орталықтары ашылатын болады», - дейді Н.Әлтаев.

Сонымен бірге ол «колледж‑кәсіпорын‑студент» үлгісі бойынша үш жақты шарттар жасалған соң жұмыс та басталып кетеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен әрекеттестік аясында «ҚР‑да дуалды оқытуды енгізу» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары дайындалды.

Сондай‑ақ «Болашақ» Бағдарламасының желісі бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау, электронды еңбек биржасын құру сияқты басқа да маңызды бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық қауымдастықтар базасында Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру бастамасын көтеруде.

Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік білім беру стандарттарын өзгерту, теория мен практиканың ара қатынасын практикалық оқытуды 60-70% дейін көбейту жағына көтеру жорамалданып отыр.

Кадрларды даярлауға бизнестің қатысуын ынталандыру бойынша ұсыныстар дайындалуда. Атап айтқанда, салық салынатын табыстан алынып тасталатын қаражат сомасын көбейту ұсынылуда, оны кәсіпорын 3% және 5-10% аралығында кадрларды даярлау мәселелерінде демеушілікке бағыттай алады.

«Бизнес‑оқыту» аясында барлық өңірлерде жұмысқа тұрмағандар үшін, кәсіптік білім алмағандарға, ауылдық жерден шыққан ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін бизнес‑мектептер ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер