«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен салалық қауымдастықтар базасында оқыту Қорлары құрылатын болады

2014 жылғы 26 Мамыр
5753 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Мүшесі Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай‑газ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы өтті, онда «KAZENERGY» Қауымдастығы жанындағы оқыту Қорын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасы және мұнай‑газ саласы аумағындағы басқа да мәселелер қарастырылды.

Қазіргі уақытта кадрларды оқыту және даярлау аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісім‑шарттық міндеттемелері Қазақстан Республикасының «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» Заңы нормаларымен реттеледі.

Сонымен бірге қолданыстағы нормалар келісім‑шартты орындауда тартылған Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын жұмыскерлерді оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау процесіне қатысушылардың барлығының мүдделері мен мүмкіншіліктерін толық дәрежеде ескере бермейді.

Осыған орай, жүйелі жұмысты жүзеге асыру қажеттігі туындайды, ол процеске қатысушылардың барлығының проблемаларын ескеретін болады, олар: салалар, инвесторлар, халықтар және білім беру жүйесі.

Жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін салалық «KAZENERGY» оқыту Қорын құру қарастырылуда.

Осы оқыту Қорының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы жер қойнауларын пайдаланушылардың сала үшін білікті кадрларды даярлау бойынша міндеттемелерді орындау тиімділігін көтеру.

Отырыс нәтижелері бойынша Комитет ҚР ҰКП‑да аккредиттеуден өткен салалық қауымдастықтар базасында оқытудың салалық Қорларын құру қажеттігін атап кетті, және де Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелерін қоса алғанда, осы ұсынысты жүзеге асыру бойынша қажет ұйымдастыру іс‑шараларының тізбесі анықталды. 

Отырыс аясында сонымен қатар геологиялық қорларды есептеудің халықаралық стандарттарына өту қажеттігі туралы мәселелер қарастырылды. Бұл мәселені жан‑жақты қарастыру мақсатында Комитет мүдделі министрліктер базасында сәйкес ведомство аралық жұмыс тобын құруды нұсқады. Сонымен бірге «Жер қойнаулары туралы» Кодекс тұжырымдамасының жобасы және осы түжырымдаманы мүдделі компаниялардың қарастыруы және мақұлдауы бойынша болашақ іс‑шаралар қарастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер