«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елімізде кәсіпкерлерге 1,6 млрд. астам теңгеге сервистік көмек көрсетілмек

2014 жылғы 27 Мамыр
3732 просмотров

ҚР Өңірлік даму министрлігінің 2013-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес биыл елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге сервистік көмек көрсетілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотовтың хабарлағанындай, осы мақсатқа барлық облыстар үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 621,979 млн. теңге бөлінді. Осыған орай БҚО кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасында сервистік көмек көрсету жөнінде келісімшарт жасалып, кәсіпкерлер палатасына 53,649 млн. теңге беріліп отыр. Яғни өңірлерде бұл жұмысты кәсіпкерлер палатасы атқаратын болады. Қазіргі кезде облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер