«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеден даулары бойынша апелляциялық комиссиялардың қызмет ету механизмін енгізу

2014 жылғы 23 Мамыр
6688 просмотров

2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес бизнесті қолдаудың алғашқы кезектегі шаралары бойынша іс‑шаралар Жоспары бекітілді, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №471 қаулысымен бекітілді.

Қазіргі уақытта бизнесті қолдаудың алғашқы кезектегі шараларының бірі кеден даулары бойынша апелляциялық комиссияның қызмет ету механизмін құру мүмкіндігін қарастыру болып табылады.

Мемлекеттік органдармен дауларды сотқа дейінгі реттеу проблемалары кәсіпкерлер қызметінде үнемі туындап отырады және кәсіпкерлік орта үшін ең сезімталы кеден ісі саласындағы даулар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Ұлттық палатаның қатысуымен кеден даулары бойынша апелляциялық комиссиялар қызмет ету механизмін енгізу жағынан өзгертулер енгізу бойыша ұсыныстар даярланды.

Бұл механизмді енгізу процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар қарастыратын шағымдар бойынша шешім қабылдаудың объективтілігін көтеруге, сондай‑ақ бизнестің уақытша және қаржылай шығындарын қысқартуға көмектеседі.

Барлық мүдделі тұлғалардың өз ұсыныстары мен ескертулерін Кедендік әкімшілік ету департаментіне келесі эдектронды мекен‑жайға жолдауларыңызды сұраймыз: a.sabdykeeva@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер