«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасының жобасын әзірледі

2014 жылғы 22 Мамыр
7160 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өкілдерімен бірлесіп, Қазақстандағы бизнестің ұжымдық әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында ҚР ҰКП бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген Қазақстандағы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ұлттық тұжырымдамасы жобасын жасап шығарды деп мәлімделді.

Құжатты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік сала мен әлеуметтік серіктестік комитеті хатшысының орынбасары Нәйлә Мұхтарова таныстырды.

«2012-2014 жылдарға арналған үш жақты Бас келісім аясында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген Қазақстандағы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасының жобасын» әзірлеу бойынша тапсырма қойлды. Бүгінгі таңда сарапшылардың қатысуымен Тұжырымдамаға ұсыныстар жасалып, Тұжырымдама жобасы әзірленуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған тұжырымдаманы ағымдағы жылы қабылдауды жоспарлап отыр», - деді Нәйлә Мұхтарова.

Сонымен бірге, ол аталған тұжырымдама Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының қатысуымен жасалғанын атап өтті.

Жобаның бірегейлігі ҚР-да осындай бағыттағы құжаттың жоқтығы және оны әзірлеу мен енгізу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтерудегі маңызды қадам болады. Сондай-ақ құжатта ӘЖТ принциптері мен стандарттарын тек бизнес-қауымдастық пен Үкімет үшін ғана емес, сонымен қатар барлық азаматтық қоғам үшін де енгізу бойынша ұсыныстар қарастырылған. Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы талқылау үшін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған.

Тұжырымдама қабылданған соң оны тиімді жүзеге асыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік жауапкершілік Тұжырымдама принциптерін жүзеге асыру бойынша бірқатар шаралар қолдануды жоспарлағанын айта кеткен жөн. Онда ҰКП мүшелері мен жұмыс берушілердің ең маңызды әлеуметтік бағдарламаларын үнемі бақылау және жүзеге асыру қарастырылатын болады.

Өз кезегінде, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары баспасөз конференциясы барысында Қазақстандағы Ұжымдық ортақ жауапкершілікті дамытудың келешегі жөнінде есептемені таныстырды. Олар қазіргі кезде осындай есептеменің тек Грузияда ғана дайындалғанын атап өтті. Сондай-ақ осы есептемедегі талдауда Үкімет үшін бизнестің ортақ жауапкершілігін дамытуды әртараптандыру бойынша ұсыныстар да қарастырылған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер