«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша отырыс өтті

2014 жылғы 21 Мамыр
6748 просмотров

Бұл іс-шара ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Ғани Қасымовтың төрағалығымен өтті.

Кеңестің күн тәртібінде өңірдегі бизнестің дамуына кері әсерін тигізуші 5 мәселе қарастырылды. Олардың ішіндегі ең өзектілері – электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлемді талап ету; Шымкент қаласы әкімшілігінің қала құрылысы кеңесінің қызметі және жер телімдеріне құқықты ресімдеу кезіндегі кедергілер.

Күн тәртібі мәселелерін шешу тиімділігі үшін Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары, бейіндік департаменттер мен басқармалар басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік бақылау органдарының басшылары шақырылды.

Шешім талап ететін барлық мәселелер бойынша сәйкес ұсыныстар қабылданып, жолданды.

Электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлемге қатысты Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңес республиканың энергетикалық кәсіпорындарына электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлем алу тәжірибесін заңсыз ретінде тоқтатуды және «Самұрық»-Энерго» АҚ электр энергиясы үшін  аралық есеп айырысуды (онкүндік бойынша төлем) енгізу және қолдану бойынша ұсынысын мақұлдау ұсынысымен жүгінуді шешкенін айта кету керек.

Сонымен қатар Кеңес өздеріне қатысты заңсыз түрде 100% алдын ала төлем талабы орнатылған электр энергиясын тұтынушылардың заңды мүддесі мен құқықтарына қысым жасауға жол берген Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық монополияға қарсы инспекциясының басшысы Төлендиев Талғат Сағынұлын заңмен орнатылған жауапкершілікке тарту талабын алға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес – құрамына биліктің, прокуратураның, қаржы полициясының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, көрнекі қоғам қайраткерлері және заңгерлер кіретін алқалы орган. Ол кәсіпкерлер құқығын қамтамасыз ету міндеттерін жедел шешуге шақырылған. Кеңестің басты мақсаты кәсіпкерлер құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау міндетін шешу, сондай-ақ бизнесті дамыту проблемаларын жалпыға жариялау болып табылады.

     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер