«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО-ға мүше елдердің кәсіпкерлері кеден бекеттеріндегі қағазбастылықтан босатылады

2014 жылғы 21 Мамыр
3743 просмотров

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бизнесмендерін кеден бекеттеріндегі қағазбастылықтан босатады. Бұл туралы VII Астана экономикалық форум аясында «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» іскерлік конгрессінде Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты алқасының мүшесі Владимир Гошин мәлімдеді, Bnews.kz.

«Біз бизнес пен меморгандардың, атап айтқанда, кедендік және салық органдарының сұрауларына тоқтау салғымыз келеді. Яғни, жаңаша жұмыс істеу қажеттігін ұғындырғымыз келеді. Бұл электронды технологияларды пайдалану, қағазбастылықтан құтылу деген сөз», - деп мәлімдеді Владимир Гошин. 

Оның айтуынша, тек бір ғана декларация ұсынылатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. 

«Егер тәуекелдер талдауы жүйесі талап етпесе, басқа ешқандай құжат, тауар-көлік қаптамасы да, инвойс та ұсынылмайды, - деп толықтырды Гошин. 

Оның айтуынша, сондай-ақ тауарларды шығару бойынша операцияларды автоматты түрде орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. 

«Яғни, еш қатер төндірмейтін тауарларды шығару кеденші мен шаруашылық жүргізуші субъектің физикалық байланысынсыз іске асырылады», - деп нақтылады ол. 

Ол құжатқа қол қою кезінде келіссөз қатысушылары заңнаманың барлық негізгі нормалары жазылған бірыңғай құжат жасап шығаруға тырысатынын атап өтті. 

«Бірқатар ведомство министрлері орынбасарларының деңгейінде жұмыс тобы құрылды. Оған бизнес өкілдері қатысатынын атап өткім келеді», - деп түйіндеді Владимир Гошин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер