Қарағанды облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары аясында жүзеге асырылатын «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Жобаға Қарағанды облысының барлық тұрғындары қатыса алады. Атап айтқанда, жергілікті және локалды ресурстардан өнім өндірумен айналысатын, кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар — азық-түлік өнімдері, шикізатты қайта өңдеу, қолөнер және авторлық бұйымдар өндірушілері қатыса алады.
БАБӨ жобасы аясында қатысушыларға консультациялық қолдау көрсетіледі, перспективалы өнімдер іріктеледі, сондай-ақ ұсынылған өтінімдердің қорытындысы бойынша өңірлік көрме ұйымдастырылады. Көрме барысында өндірушілер өз өнімдерін сарапшылар қауымдастығына ұсынады.
Көрме нәтижесінде жобаның финалистері анықталып, олар оқыту және маркетингтік сүйемелдеу бағдарламаларынан өтеді. Бұл өнімді жетілдіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі нарықтарға ілгерілетуге және жобаның республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді.
БАБӨ жобасының мақсаты — тұрғындардың кәсіпкерлік әлеуетін ашу, жергілікті өндірісті дамыту және ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттайтын жоғары өңірлік үлесі бар сапалы өнім шығаруға қолдау көрсету.
Жобаға қатысу үшін өтінімдерді Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі, 709) тапсыруға болады.
Байланыс тұлғасы: Мұхтаров Саят Мұхтарұлы, тел. 8 775 104 90 44, Call-center — 1432.



Пікір қалдыру:
Пікірлер: