Назар аударыңыз!
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігінің, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен бизнестің қатысуымен семинар өткізеді.
Семинар «оңайлатылған» режим бойынша қызмет түрлерінің тізбесі туралы бекітілген әрі қол қойылған Үкімет Қаулысының аясында өткізіледі.
Бұл шешім адал шағын бизнестің мүддесін қорғауға бағытталған мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның, қоғамдық белсенділердің және салалық қауымдастықтардың ұзаққа созылған, бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
"Біз бастысы – мемлекет пен кәсіпкерлер мүддесінің теңгерімін қамтамасыз етуге қол жеткіздік. Құжаттың соңғы нұсқасы бойынша жұмысты аяқтадық, осылайша адал кәсіпкерлер қауымының едәуір бөлігі өздеріне тиімді оңайлатылған режимде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды", – деп атап өтті ҰКП өкілдері.
Тізбе жалпыға ортақ белгіленген салық салу тәртібіне міндетті түрде өтуі керек қызмет түрлерін нақты айқындайды.
Осылайша, тыйым салынған тізімге Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) 185 нақты атауында егжей-тегжейлі көрсетілген 44 негізгі санат кірді.
Тізімге жоғары маржалы немесе мемлекет тарапынан реттелетін қызмет түрлері енгізілген.
Семинардың мақсаты – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін егжей-тегжейлі түсіндіру.
Семинардың тікелей трансляциясы «Атамекен» ҰКП-ның ресми аккаунттарында: YouTube-арнасында және TikTok-та ертең, 18 қараша күні сағат 10.00-де жүргізілетінін хабарлаймыз.



Пікір қалдыру:
Пікірлер: