«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық жүк көлік жүргізушілерінің Ресей мен Беларусь аумағында болу мерзімі 90 күнге қысқартылды

2025 жылғы 06 Қараша
643 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы қазақстандық тасымалдаушыларды Ресей аумағында болу ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Палата Ресейде визасыз режиммен кіретін шетелдіктердің елде болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енгенін еске салады. Бұл өзгеріс халықаралық жүк тасымалымен айналысатын қазақстандық жүргізушілерге тікелей әсер етеді.

Бұған дейін жүргізушілер Ресейде алты ай ішінде 90 күнге дейін бола алатын. Енді бұл мерзім кіріп-шығу санына қарамастан күнтізбелік жыл ішінде 90 күннен аспауға тиіс,

Сонымен қатар халықаралық автотасымалдарды орындаған кезде осы 90 күннің ішінде Беларусь Республикасы аумағында өткізген уақыт та есепке кіреді, өйткені Беларусь – Ресеймен одақтас мемлекет.

Ресей шекарасында қиындықтарға тап болмау үшін Палата қазақстандық тасымалдаушыларға белгіленген 90 күндік мерзім аяқталған жағдайда Ресей мен Беларуське барудан бас тартуға кеңес береді.

Айта кетейік, шекарадағы мәселелер тек елге кіргізуден бас тартумен шектелмейді. Кей жағдайларда жүргізушілер депортацияланып, 5 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынады. Сонымен бірге бұған дейін қазақстандық жүргізушілердің әкімшілік қамауға алынған оқиғалары да тіркелгенін еске саламыз.

ЕАЭО деңгейінде жұмыс жүргізіліп жатыр

«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды рәсімдеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жағдай Палатаның жіті назарында», – деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП.

Ұлттық палата ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр:
• ЕАЭО елдерінің азаматтары саналатын жүргізушілерге қатысты бұрын қолданылған әкімшілік шектеулерді толық алып тастау;
• Ресейдегі шетелдіктердің уақытша болу тәртібін реттейтін жаңа нормаларды ЕАЭО-ға мүше елдердің жүргізушілеріне қолданбау.

Мәселе толық реттеліп, уағдаластықтар ресми түрде бекітілгенге дейін Палата қазақстандық тасымалдаушыларды қолданыстағы талапты, яғни 90 күндік шекті мерзімді қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен қатар «Атамекен» жүк тасымалы кезінде көші-қон рәсімдеріне байланысты шекарада жүргізушілерге қатысты туындайтын мәселелерді жедел әрі «қолмен басқару режимінде» шешуді жалғастыруда.

Тасымалдаушылар үшін байланыс деректері

Көші-қон рәсімдеріне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тасымалдаушылар «Атамекен» ҰКП мамандарына хабарласа алады:

  • Ермұханов Қуаныш Қыдырғалиұлы – Логистика және тасымалдау департаменті директорының орынбасары (тел.: +7 700 111 3975);
  • Зекенова Айжан Жақсылыққызы – Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары (тел.: +7 775 573 71 46).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174