ҚР ҰКП БЭК бизнес-диалогының «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» Іскерлік конгресінің Сессиясын өткізеді
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы VII Астана экономикалық форумын ортақ ұйымдастырушы болып табылады және БЭК бизнес-диалогының «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» Іскерлік конгресінің Сессиясын өткізеді.
Сессия жұмысының мақсаты экономикалық интеграция жағдайындағы бизнестің әрекеттестігін күшейту, КО, БЭК елдері арасындағы өзара сауда, инвестициялық және индустриалдық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ұлттықтың үстіндегі органмен тиімді және теңдестірілген әрекеттестік болып табылады.
Сессия аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт: күшті және әлсіз жақтары;
- КО және БЭК қатысушы елдер арасындағы өзара саудадағы проблемалы мәселелер және даму жолдары;
- Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің даярлану процестері және новациялар туралы;
- Дүниежүзінің түрлі өңірлерінің экономикасындағы заманауи интеграциялық процестер: жаңа тенденциялар және шақырулар.
- Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық шарттары мен шешімдері жобаларының КО және БЭК аумағындағы кәсіпкерлік іс-әрекетті жүргізу шарттарына әсерін бағалау: реттеуші ықпал етуге бағалау жүргізудегі еуразиялық ұстаным.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО аясында бизнесті дамыту бойынша құзыретті пікірталас форматында пікір алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін Сессия жұмысына қатысуға барлық тілек білдірушілерді шақырады.
Сессия соңында журналистер ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтан, БЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқасының Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтен, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Иван Кравченкодан сұхбат алуға болатыны жайлы хабарлаймыз.
Іс-шараның өтетін күні, уақыты: 21 мамыр 2014 жыл, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.
Іс-шараның өтетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Баспасөз орталығы, 1 қабат.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 91 93 67 телефоны арқылы немесе pr@palata.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: