«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті тауар өндірушілердің жұмысымен танысу

2025 жылғы 30 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
310 просмотров

 

«Венталекс Сервис» ЖШС — желдету жүйелері мен металл конструкцияларын өндіруге маманданған кәсіпорын. Компания өнеркәсіптік және тұрғын үй нысандарына арналған сапалы өнім шығара отырып, жергілікті нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.

Кәсіпорын басшысы Александр Вдовин шығарылатын жабдықтың бірегейлігіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл желдету және кондиционерлеу жүйелерін дайындау мен монтаждауды қамтитын кешенді шешім болып табылады. Аталған жабдықтар «Қазақмыс» корпорациясының көптеген кәсіпорындарында, сондай-ақ өңірдің қалалық және медициналық мекемелерінде, сонымен қатар Қазақстанның басқа да облыстарында орнатылған.

 " Казтехфильтр " ЖШС 

«Казтехфильтр» ЖШС — әртүрлі салаға арналған өнеркәсіптік сүзгілерді өндіретін кәсіпорын. Компания отандық өндірісті дамытып, сапалы сүзгі өнімдерімен жергілікті де, республикалық деңгейдегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп келеді. «Казтехфильтр» ЖШС-нің директоры Дмитрий Иванченковтың айтуынша, кәсіпорынның өнімі Мәскеу қаласындағы сынақ орталығында сертификаттық сынақтардан өткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174