«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

​Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында "Визажист" курсы бойынша оқыту сәтті аяқталды!

2025 жылғы 25 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
178 просмотров

25 қатысушы білім алып, визаж негіздерін меңгергенін растайтын сертификаттарға ие болды. Бұл курс – сұлулық саласында өз ісін бастауға қажетті жаңа білім мен дағдыларды алуға таптырмас мүмкіндік болды.

Барлық қатысушылар осы мүмкіндікті ұсынғаны үшін Ұлытау облысының әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасына шын жүректен алғыстарын білдірді.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженованың айтуынша:

«Осындай курстар әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына, бизнес-бастамаларды қолдауға және өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді».

 Түлектерді шын жүректен құттықтаймыз және сұлулық индустриясында табысты бастама тілейміз!




Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174