«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағанды кәсіпкерлері жастармен кездесті: Президент Жолдауы мен бизнес-идеялар талқыланды

2025 жылғы 15 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
147 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында мектеп оқушылары мен студенттердің кәсіпкерлерменжәне Палата өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыптары — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басты басымдықтар, инженерлік мамандықтарды дамыту, «жасыл» энергетика, жас кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары.

Аймақтық кеңес мүшесі, Қазақстандағы алғашқы ресми кәсіпкерлердің бірі Николай Абт өз тәжірибесімен бөлісті.

«Мен Қазақстандағы ең алғашқы кәсіпкермін, біз 1986 жылы БЛКЖО съезінің шешімімен фирма аштық. Байланыс та, қолдау да жоқ, нөлден бастадым. Жастарға айтар басты кеңесім — нақты мақсат қойып, соған ұмтылу. Қалауың болса, қиын жағдайда да барлығына қол жеткізуге болады», — деді Николай Викторович.

Ол техникалық база мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанда кәсіби маман болып, өзіңді жетілдіре алсаң, мансап жасауға болады. Университет немесе колледждегі білім берік іргетас болуға тиіс, ол кейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні меңгеруге жол ашады», — деді Н. Абт.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Мұрат Ахан бизнеске арналған қолдау шаралары жайында айтты.

«Біз кәсіпкерлерге бухгалтерия, құқық, маркетинг, сертификаттау бойынша тегін кеңестер береміз. Жастар үшін IT, ғылым және мәдениет саласындағы жобаларды іске қосуға 3 млн теңгеге дейін гранттар бар, ал әкім гранттары арқылы 2 млн теңгеге дейінгі құрал-жабдық алуға мүмкіндік бар. Барлық кеңестер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы қолжетімді», — деді сарапшы.

«АСПАП» ПК төрағасы, Құрылыс, ТКШ және энергетика кеңесінің төрағасы Төлеген ӘшімовПрезидент Жолдауының маңыздылығын және азаматтық ұстанымның рөлін атап өтті.

«Президент қойған ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекет пен кәсіби қауымдастықтыңбірлескен жұмысы қажет. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және құрылыс нарығын сапалы дамытуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі дамыту және шешім қабылдайтын адамдармен байланыс орната білу — дамудың кілті», — деді Төлеген Мұқатайұлы.

Кәсіпкерлер палатасы Құрылыс кеңесінің мүшесі, «Nurkuat Energy» ЖШС директоры, күн энергетикасы жобаларын дамытушы Мәди Сатвалдинов саланың болашағына назар аударды.

«Қазақстандағы энергетикалық тапшылықты «жасыл» технологиялар есебінен шешуге болады. Бұл нарық өседі, ал жастар баламалы энергетика, инженерлік мамандықтар және цифрландыруға баса назар аударуғатиіс», — деп бөлісті кәсіпкер.

Кездесу барысында жасанды интеллект есептеулерді, құжат дайындауды және жобаларды жоспарлауды жеделдететіні айтылды, алайда ол кәсіби дайындықты алмастыра алмайды. Қатысушылар инженерлік және құрылыс мамандықтарының әлі де жоғары жалақылы және сұранысқа ие екенін атап өтті.

«Еңбекқорлық пен ықылас — табыстың басты құралы», — деп түйіндеді жиынға қатысушылар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174