Павлодар облысы «Атамекен» палатасының командасы Астанадан республикалық мини-футбол турнирінен жүлдемен оралды
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының ұжымы әріптестерін құттықтап, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» 12 жылдығына арналған мини-футбол турнирінен әкелген грамоталарын атап өтті.
Елордада өткен біріншілікке өңірлік Палатаның он қызметкері қатысты, оның ішінде Шарбақты және Ақтоғай аудандық филиалдарының өкілдері болды. Елдің бас қаласында өткен спорт алаңындағы павлодарлықтардың ойынына туған жерде өткізілген жаттығулар негіз болды.
Жыл сайынғы корпоративтік мини-футбол турнирі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ұйымдастыруымен өткізіледі. Орталық аппарат атап өткендей, бұл турнир тек спорттық шара ғана емес, нағыз командалық жұмыстың, жігер мен көшбасшылықтың үлгісіне айналды. Бірінші орынды Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының командасы иеленсе, екінші орынды – ҰКП орталық аппараты, үшінші орынды – Ақмола облыстық Палатасы жеңіп алды.
Турнирдің бес спортшысы жеке номинациялар бойынша марапатталды. «Ең үздік гол» жүлдесін Павлодар облысы Павлодар аудандық филиалының директоры, команда капитаны Айдос Шайхислам иеленді. Ол алаңда өзін жарқын қырынан көрсетіп, ойындардың бірінде қолын жарақаттап, қабырғасын сындырғанына қарамастан, павлодарлық команда сапында ойындарды абыроймен жалғастырды.
Сонымен қатар павлодарлық команда турнирге қатысқаны үшін арнайы грамотамен марапатталды, ал әрбір футболшы біріншіліктің медалін алды.
Барлық марапаттар Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың атынан табысталды. Ол жыл сайынғы корпоративтік мини-футбол турнирін ашып, әрбір қатысушының қолын алып, спорт мерекесінің шымылдығын түрген сәтте ізгі тілегін білдірді.
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерканат Абенов командаға өңір мен ұжым намысын лайықты қорғағаны үшін алғыс айтып, қатысушыларға әрдайым жоғары спорттық формада болуды тіледі. Сондай-ақ ол бүкіл палата ұжымын корпоративтік іс-шаралардың жақсы дәстүрін қолдауға шақырды. Мұндай бастамалар «Атамекеннің» бірлігін арттырып қана қоймай, мамандардың еңбек өнімділігіне де оң әсер етеді.
«Мұндай іс-шаралар біздің корпоративтік рухымызды айтарлықтай нығайтады және «Атамекен» палатасын шын мәнінде біртұтас отбасы етеді. Сонымен бірге, қызметкерлеріміздің спорттық және мәдени бастамалары ортақ демалыс мәдениетін жақсартып, өмірімізді байыта түседі», – деп атап өтті Ерканат Абенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: