ШОБ-ты мемлекеттік сатып алуларда қолдау Кәсіпкерлік субъектілері тізіліміндегі техникалық іркілістермен шектелген
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкін еместігіне байланысты шағын және орта бизнес субъектілерінен көптеген өтініштер келіп түсуде.
Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу жүйесінде ШОБ-ты қолдаудың жаңа тетігі енгізілді.
Бірақ бірнеше ай өткенде кәсіпкерлер мынадай проблемаға тап бола бастады: Кәсіпкерлік субъектілері тізілімі дұрыс жұмысын тоқтатты және көптеген компаниялар бойынша деректер мемлекеттік сатып алу веб-порталында көрсетілмейді.
Нәтижесінде кәсіпкерлердің көпшілігінің сатып алуға қолжетімділігі шектеулі және мемлекет ұсынатын қолдау шараларын пайдалану мүмкіндігінен айырылған.
Бұл мәселені «Атамекен» ҰКП бірнеше рет көтерді, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне, сондай-ақ ҚР Үкіметінің Аппаратына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары Асқар Жакеновтың атына хаттар жолданды.
Нәтижесінде А.Жакенов бірлескен жұмысты жалғастыру және туындаған проблеманы жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы тапсырма берді. Тапсырманы орындау мерзімі – 2 қыркүйекке дейін белгіленді.
Қысқа мерзімде Тізілімнің дұрыс жұмысын қалпына келтіру және кәсіпкерлердің сатып алуға толық көлемде қол жеткізуін қамтамасыз ету аса маңызды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселені бақылауда ұстауды және ШОБ мүддесі үшін оны шешуге ұмтылуды жалғастырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: