Мемлекеттік сатып алу қағидаларына жаңа түзетулер: қамтамасыз ету түрі ретінде жұмыс тәжірибесінің дұрыстығына бақылауды күшейту, сақтандыру шартын сақтау
ҚР Қаржы министрлігі ұзақ талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұстанымына құлақ салып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына түзетулер енгізді. Тиісті № 425 бұйрыққа Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамызда қол қойды.
Түзетулердің мақсаты – мемлекеттік сатып алулардағы жұмыс тәжірибесін растау кезінде сатып алу рәсімдерінің ашықтығын күшейту және манипуляциялардың алдын алу, сондай-ақ электрондық депозитарийге дәйексіз мәліметтер мен құжаттарды ұсыну.
Негізгі өзгерістер:
- техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша ғана мемлекеттік емес заңды тұлғалар (бюджеттен тыс қаражат) тапсырыс берушілер болып табылатын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін растау (өйткені мұндай мәліметтер «Мемсараптама» РМК жүйесінде бар);
- конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшем ретінде конкурста ескерілетін объектілер саны (жұмыс тәжірибесі) бойынша лимитті белгілеу (жылына үш объектіден артық емес);
- тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын және қаржыландыру көзі мемлекеттік инвестициялар болып табылатын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін растау (сараптама қорытындысында көрсетіледі);
- квазимемлекеттік сектор субъектілері тапсырыс берушілер болып табылатын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесіне қосымша талаптар белгілеу (талон хабарлама, сараптама қорытындысы).
Қабылданған түзетулер жалған жұмыс тәжірибесін ұсыну тәуекелдерін азайтуға, сапаны арттыруға және мемлекеттік сатып алулардағы адал бәсекелестікті сақтауға бағытталған.
Сондай-ақ, ҰКП ұсыныстары бойынша мемлекеттік сатып алуларда шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір түрі ретінде сақтандыру шарты сақталды - оның шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолжетімділігінің басты артықшылығы, өйткені ол кепіл беруді, өз қаражатын қатыруды немесе банктік кредиттік лимит ашуды талап етпейді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: